Шымкенттік полицейлер ана мен баланы құтқарып қалды

0
836

Дәл уақытында үлгерген.


Шымкенттік полицейлер ана  мен баланы құтқарып қалды

көрнекілік фото: ашық дереккөзден

Шымкентте полицейлер газға уланып қалған ана мен баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 жасар ұлымен үйінде қалған қала тұрғыны газдан улану белгілерін сезінген. Үйінен шығуға әлі жетпеген әйел соңғы күшін жинап, 102 нөміріне хабарласқан.
Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің инспекторлары Талғат Ибраев пен Медет Тұрлыбеков жетті. Жедел жәрдем бригадасы да келген.
Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері терезені сындырып, баланы сол жерден шығарып алады. Әрі қарай есікті ашып, анасын да дер кезінде сыртқа алып шығады.
Екеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

- Қажет болған кезде адамдарға көмектесуге асығу міндетіміз, - дейді полиция қызметкерлері.