Шымкенттік полицейлер ұрланған сөмкені иесіне қайтарды

0
756

Шымкент қаласындағы сауда орталықтардың бірінде қала тұрғынының сөмкесін белгісіз тұлға ұрлап кеткен.


Шымкенттік полицейлер ұрланған сөмкені иесіне қайтарды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы бейне бақылау камерасы арқылы сөмке ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 6 тамызында Шымкент қаласындағы сауда орталықтардың бірінде қала тұрғынының ішінде 25 000 теңгеден астам ақша болған сөмкесін белгісіз тұлға ұрлап кеткен. Аталған қылмысты ашу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы бейне бақылау камерасы арқылы күдіктіні анықтап, Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізген. Сөмке ұрлаған күдікті Түркістан қаласының шамамен 45-50 жасар тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабымен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.