Шымкенттік жастар мен көпбалалы отбасыларға жыл соңында пәтер беріледі

0
1 071

450 көпбалалы отбасы мен 904 жас баспаналы болмақ.


Шымкенттік жастар мен көпбалалы отбасыларға жыл соңында пәтер беріледі

2019 жылдың аяғында Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасыларға арналған жалдамалы 10 үй мен жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы 6 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі әкімшілік іскерлік орталык пен «Шымкент Сити» шағынауданында және Ақназархан, Гагарин көшелерінде орналасқан үйлерді табыстау нәтижесіне 450 көпбалалы отбасы мен 904 жас баспаналы болмақ.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов аталған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында салынған үйлерді аралап, олардың инфрақұрылыммен қамтылу мәселесін бақылады. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан шаһар басшысы, ең алдымен тұрғын үйлердің сапасына және газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілу керек екенін баса айтты.

Сондай-ақ, қандай құрылыс нысаны болса да бірінші кезекте сапа мен қасбетіне мән беріліп, құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау өз бақылауында болатынын айтқан Ерлан Қуанышұлы жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесімен қамтылуы тиіс екенін назарға алды.

Жалпы, қалалық құрылыс басқармасы тарапынан биыл Шымкентте көп қабатты 59 үй салынып жатыр және 2019 жылы аталған үйлердің 27-сі пайдалануға беріледі. Яғни, 120 мың шаршы метр болатын 1554 пәтер тапсырылады. Бүгінгі таңда кредиттік және жалдамалы көп қабатты 13 үй берілсе, жыл соңына дейін тағы көп қабатты 14 үй тапсырылады деп күтілуде.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі