​Туған жездесінен сәбилі болған шымкенттік бойжеткен бөтен жігітпен қашып кеткен

0
3 487

Бұдан екі жыл бұрын кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін жездесі ұзақ жылға сотталып кеткен болатын.


​Туған жездесінен сәбилі болған шымкенттік бойжеткен бөтен жігітпен қашып кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте туған жездесінен жүкті болып, өмірге сәби әкелген бойжеткен із-түзсіз жоғалып кеткен. Баласымен бірге ауруханада емделіп жатқан жас ананың қайда кеткені белгісіз. Ал дәрігерлер болса, іздеу жұмыстарына байланысты ештеңе айта алмай отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

18 жастағы Аруна Баелова Шымкент қалалық балалар ауруханасына өткен аптаның дүйсенбі күні жедел жәрдеммен келіп түсіпті. Сол кезде 2 жасар бүлдіршіннің өкпесі суықтап, қатты мазасызданған көрінеді. Дәрігерлердің шешімімен, тұрақты ем қабылдауға осы жерге жатқызылған. Алайда, арада бес күн өткенде жас анна баласымен біргежоғалып кетіпті".

Бірақ, бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қандай да бір ақпарат бермей отыр. Себебі, тәртіп сақшылары іздеу жұмысын бастап кетіпті. Сондықтан, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кедергі келтіруіміз мүмкін дейді басқарманың баспасөз қызметіндегілер. Ал, Арунаның анасы болса, жанын қоярға жер таппай отыр. Айтуынша, қызымен хабарласқан ол жағдайы жақсы екендігін айтқан.
Жанаткүл Баелова қызы мен немересінің із-түзсіз жоғалып кеткенін өткен аптаның жұма күні естіп біліпті. Оның ойынша, қызы белгісіз ер адаммен көңіл жарастырып кеткен. Өйткені, жоғалардан алдын өзін "ақтөбелік тұрғынмын" деп таныстырған жігітоның үйіне жиі келгіштеп жүріпті. Енді міне, арада үш тәулік өткенде, алыстан хабар келіп жетті. Жоғалған ана мен бала Алматыда көрінеді.

Қазір бұл іспен Қаратау аудандық полиция бөлімі айналысып жатыр. Арунаның байланысқа шыққан соңғы номері де белгілі болған. Сондықтан, оны іздеп табу аса қиынға соқпайды дейді тәртіп сақшылары.

Жұртты аяқастынан әуре-сарсаңға салған жас анна Шымкенттегі колледждердің бірінде 2-курста оқып жүрген. Басыбайлы баспанасы болмағандықтан, анасы және кішкентай бауырымен бірге автотұрақтың жертөлесін паналап тұрған.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы бойжеткен осыдан екі жыл бұрын туған жездесінен жүкті болып сәби сүйген еді. Ал, сол кезде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін туысы ұзақ жылға сотталған болатын.