"Үшемнің бірі": Шымкенттегі жарылыстан күзетшімен қоса бір нәресте шетінеді

0
1 001

8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылған.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі жарылыстан күзетшімен қоса бір нәресте шетінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, жарылыс кезінде мекемеде перинаталдық орталықта 189 адам және 65 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және туылғанына 18 күн болған үшемнің бірі шетінеген. Одан бөлек, 8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылған.