​«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023»: ШЫМКЕНТ студенттері үздік үштіктен көрінді

0
545

29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді және 11 ерекше медальонді иеленді.


​«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023»: ШЫМКЕНТ студенттері үздік үштіктен көрінді

ERNUR.KZ. Астанада Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Талап» қоғамы ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan – 2023 VIII Республикалық чемпионаты мәресіне жетті.

Өңірлік сайыстардың жеңімпаздары үш күн бойы 30 құзырет және 7 бағыт бойынша бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Шымкенттік жастар кәсіптік және жұмысшы мамандықтарының дәстүрлі чемпионатына 2016 жылдан бері қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Биыл шымкенттік 30 студент 29 құзыреттілік бойынша сынға түсті. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.
Қала құрамасы 29 құзырет бойынша 5 алтын, 2 қола медальді және 11 ерекше медальонді иеленді. Нәтижесінде, Шымкент командасы Абай облысы мен Алматы қаласынан кейін үшінші орынды жеңіп алды.