Заңсыз дүңгіршектерді сүру жалғасуда

0
1 316

Әл-Фараби ауданы бойынша 43 заңсыз орнатылған дүңгіршек алынды


Заңсыз дүңгіршектерді сүру жалғасуда

ERNUR.KZ. Шымкентте заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына және Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда.

Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, заңсыз орналасқан Ташкент тас жолы бойындағы «Автосақтандыру», Жангельдин көшесі, «Лаваш», А.Байтұрсынов көшесі, «Балмұздақ», Қазыбек би көшесі, «Лаваш» дүңгіршектері иелеріне ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды.

Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 43 заңсыз орнатылған дүңгіршек алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.