Ангелина Лукас олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турнирге қатысудан бас тартты

0
371

Жақында ғана кәсіпқой бокстағы рейтингтік жекпе-жегін Таиландта өткізген Ангелина Лукас 54 келідегі спаррингтік сынға қатыспайтын болды.


Ангелина Лукас олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турнирге қатысудан бас тартты

ERNUR.KZ. Ангелина Лукас Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатыспайтын болды, деп жазады stan.kz.

Жақында ғана кәсіпқой бокстағы рейтингтік жекпе-жегін Таиландта өткізген Ангелина Лукас 54 келідегі спаррингтік сынға қатыспайтын болды. Өйткені Лукастың кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі 20 сәуірге жоспарланған. Соған байланысты спортшы алдағы спаррингтік турнирде жұдырықтасудан бас тартып отыр. Есесіне, Лукастың орнына ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы әлем, 2021 жылғы Азия чемпионы Дина Жоламан қатысатын болды.

Айта кетейік, спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады. Бокстан әйелдер құрамасында 57 келідегі Карина Ибрагимовада ғана Париж олимпиадасының жолдамасы бар.