Арли Чонтей ауыр атлетикадан 2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
341

Жұлқа көтеруде жақсы өнер көрсеткен Арли жалпы есепте 258 келімен жеңіс тұғырында 3-орынға көтеріле алды.


Арли Чонтей ауыр атлетикадан 2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Чинджу қаласында (Оңтүстік Корея) басталған ауыр атлетикадан құрлық біріншілігінде қазақстандық Арли Чонтей қола жүлдені жеңіп алды. Ол 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті, деп жазады zakon.kz.

Қазақстандық зілтемірші 2023 жылғы Азия чемпионатында Қытайдың екі өкіліне жол беріп, үшінші орын алды. Жұлқа көтеруде 117 келі салмақтағы зілтемірді көтерген Арлиге тең келер ешкім болмады. Одан әрі серпе көтеруде оны үш қарсыласы басып озып, 4-орынға (141 келі) ие болды.
Жұлқа көтеруде жақсы өнер көрсеткен Арли жалпы есепте 258 келімен жеңіс тұғырында 3-орынға көтеріле алды.
Арли Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен Азия чемпионатында (116+144=260 келі) күміс жүлдегер атанды. Ал 2020 жылы Ташкентте чемпион атанды.