«Барселонаның» алты ойыншысы Қазақстанмен ойнайды

0
763

Еуро-2021 іріктеу кезеңіндегі алтыншы топ ойыны «Астан Аренада» өтеді.


«Барселонаның» алты ойыншысы Қазақстанмен ойнайды

ERNUR.KZ. 6 қыркүйек «Астана Аренада» өтетін Қазақстанмен матчқа Испания жастар құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, бұл құрамға «Барселонаның» алты ойыншысы кірді: Иньяки Пенья (голкипер), Хуан Миранда (қорғаушы), Хорхе Куэнка (қорғаушы), Карлес Аленья (жартылай қорғаушы), Карлес Перес (шабуылшы) және Абель Руис (шабуылшы).

Айта кетейік, Карлес Перес осы маусымда «Барселона» үшін үш матчқа қатысып, бір гол салды және екі ассист жасады. Сонымен қатар, ол «гол+пас» жүйесінде Антуан Гризманмен бірге көш бастап келеді. Алайда чемпион Франция құрамасы сапында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Еске салайық, Еуро-2021 іріктеу кезеңіндегі алтыншы топ ойыны «Астан Аренада» өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 19:00.

Испания үшін бұл Еуропаның жастар чемпионаты санатындағы бірінші ойын болады. Алтынды олар маусымда ұтқан.

Қазақстан құрамасы Еуро-2021 іріктеуін Фарер аралдарын (3:1) және Черногорияны (2:1) ұтудан бастады. Москаленко жаттықтыратын команда алты ұпаймен алтыншы топта көш бастап келеді. Қалған командаларәлі ұпай жинамады. Ал Израиль, Испания және Македония іріктеуді күзде ғана бастайды. Кезең 2020 жылдың қазанында аяқталады, ал барлық топтың жеңімпаздары және екінші болғандар арасындағы үздік екі команда Еуро-2021 турнирінің шешуші кезеңіне жолдама үшін таласады.