Бас бармақпен кеудесін жерден 59 мәрте көтерген Грузия спортшысы рекорд орнатты

0
761

Спортшы бұл көрсеткішті әлі де жаңарта түспек.


Бас бармақпен кеудесін жерден 59 мәрте көтерген Грузия спортшысы рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Грузияның 29 жастағы Ираклий Векуа есімді спортшысы бас бармақта тұрып кеудесін жерден минутына 59 мәрте көтеріп, рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде Асад Ханиф есімді пәкістандық спортшының рекордын жаңартты. Ол өткен жылы 43 рет кеудесін жерден көтерген еді. Бұл көрсеткішті жаңарту үшін Ираклиға 47 секунд жеткілікті болған. Рекордтар федерациясының Грузиядағы өкілі осылай дейді.

– Мен жеткен нәтижеме өте ризамын. Дайындық кезінде ең үздік көрсеткішім 60 рет бас бармақта тұрып, кеудені жерден көтеру болған. Рекордты жаңарту үшін барлық күш-жігерімді салдым, - дейді Ираклий Векуа.

Спортшы бұл көрсеткішті әлі де жаңарта түспек. Болашақта бас бармағымен минутына 80-100 мәрте кеудені жерден көтеруді мақсат етіп отыр. Бүгінгі нәтижесі Гиннес рекордтар кітабының өкілдеріне жіберілді. Ресми түрде 12 аптадан кейін грузиндік спортшы рекордтар кітабына енуі мүмкін.