Францияда ТҮркістан облысының спортшылары топ жарды

0
920


Францияда ТҮркістан облысының спортшылары топ жарды

Франция төрінде гір көтеруден өткен сайыста Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарды жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маусым айының 28-30 күндері аралығында Францияның елордасы Париж қаласында гір көтеру спортынан ашық Еуропа чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге Еуропаның алпауыт елдерінің құрама командаларынан, кіл мықты Гір тасын көтерудің қас шеберлері бақ сынасты.

Аталған сайыста, Еліміздің абыройын арқалап барған Түркістан облысының спортшылары екі күнге созылған дүбірлі доданың алғашқы күні қоссайыста - 53 келіде бақ сынаған Байдуллаев Бағжан 16 келілік гір тасын серпе көтеруден 148 рет, жұлқа 141 рет көтеріп күміс алқаға қол жеткізсе, 68 келіде бақ сынаған Ауесбек Медет 24 келілік гір тасын серпе көтеруден 110 рет, жұлқа 180 рет көтеріп, жүлделі 2 орынды абыроймен жеңіп алды .

+78 келі салмақта 24 келілік гірді серпе 128 рет, жұлқа 160 рет көтерген Тұрғанбай Нұрбатыр қола алқаны қанжығасына байлады. Жарыстың екінші күні ұзын циклда 63 келіде бақ сынаған жерлесіміз Ергеш Нұрболат 16 келілік гір тасын 102 рет көтеріп, 3 орынға табан тіреді.

Айта кету керек, сонау Парижде өткен байрақты бәсекеде жеңіске жетіп, еліміздің абыройын асқақтатқан Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ де жаттығатын спортшылар болатын.