Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 4-алтын медалі түсті

0
383

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жұптық сыны финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров бақ сынады.


Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 4-алтын медалі түсті

ERNUR.KZ. Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында (Қытай) ескек есуден финалдық жарыстар басталды, деп жазады baq.kz.

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жұптық сыны финалында бақ сынаған Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірмей, Азия ойындарының чемпионы атанды.