Қазақстандық белгілі спортшы көз жұмды

0
628

Вячеслав Ершов 2013 жылы Мая Манезамен отау құрған.


Қазақстандық белгілі спортшы көз жұмды

ERNUR.KZ. 2016 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған қазақстандық ауыратлет Вячеслав Ершов қайтыс болды, деп жазады vesti.kz.

"29 қаңтарда ауыратлет Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылы Дохада Азия ойындарының чемпионы болған, әлем чемпионатына қатысушы. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. ҚР Ауыр атлетика федерациясы Вячеславтың жақындарына қайғыра көңіл айтады", - деп жазылған федерация таратқан ақпаратта.

Вячеслав Ершов 2013 жылы Мая Манезамен отау құрған. Екі баласы бар. Өмірден қалай өткені туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Альберт Линдер мен Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған еді. Айналдырған екі-үш жылдың ішінде үшінші ауыр атлет өмірден өтті.