Қазақстандық шаңғышылар эстафетада сәтсіз өнер көрсетті

0
748

Бұл сында Ресей Олимпиада чемпионы атанды.


Қазақстандық шаңғышылар эстафетада сәтсіз өнер көрсетті

ERNUR.KZ. Бейжің Олимпиадасында шаңғыдан әйелдер арасындағы эстафеталық жарыс аяқталды, деп жазады nur.kz

Командалық эстафетада бақ сынаған отандастарымыз Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина, Ирина Быкова он сегіз ұжымның ішінде он бесінші орынға табан тіреді.

Бұл сында Ресей Олимпиада чемпионы атанса, Германия күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал үздік үштікті швед қыздары қорытындылады. Көрсеткіштер: 1. Ресей — 53:41.0 2. Германия — +18.2 3. Швеция — +20.7 ... 15. Қазақстан — +7:34.4.