​Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

0
842

Нурмагомедовтың соңғы алты посты жанкүйерлердің сұранысына арналған.


​Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келмекші, деп жазады Vesti.kz.

Нурмагомедовтың Instagram желісіне жазылушы қазақстандықтардың бірі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне видеожолдау жазып, кітаптар сыйлауды сұрады. Ресейлік файтер оған әлеуметтік желі арқылы жауап берді.

"Биыл міндетті түрде Қарағандыға барамын, ИншаАллагь, сіздердің балар үйлеріңе барамын, ал сенің жеке сұрауың бойынша - сенімен директтен хабарласады, күт," - деп жазыпты Нурмагомедов 13,5 миллион адам жазылған Instagram желісінде.

Айта кетейік, Нурмагомедовтың соңғы алты посты жанкүйерлердің сұранысына арналған.