Кирилл Герасименко үстел теннисінен АҚШ-та өткен жарыстың жеңімпазы атанды

0
537

азақстан командасының үздігі төрт бірдей қарсыласынан басым түсті.


Кирилл Герасименко үстел теннисінен АҚШ-та өткен жарыстың жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Кирилл Герасименко АҚШ-та үстел теннисінен өткен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады inform.kz.

Қазақстан командасының үздігі төрт бірдей қарсыласынан басым түсті.

Атап айтқанда, Кирилл Герасименко америкалық Кай Чжанды 3:1, үндістандық Хармит Десайды 3:1, германиялық Штеффен Менгельді 3:1, португалиялық Жоао Монтейруді 3:2 есебімен ұтып, алтын медаль жеңіп алды.

«Бұл турнирде бірінші орын алып, WTT Champions турниріне қатысу үшін рейтингілік ұпай жинаймын деген мақсат болған. Сондай-ақ бұл ұпайлар Париж олимпиадасына іріктеу кезеңінде де маңызды. Мұнда өзіме деген сенімділік арқасында мықты спотшылардан басым түстім», - деді Кирилл Герасименко.