Куртуа «Реалға» өтеді

0
1 238

Бельгиялық қақпашы Мадридтық клубқа өту үшін "Челси" жаттығуларына себепсіз келмей байкот жариялаған


Куртуа «Реалға» өтеді

фото: chelseablues.ru

ERNUR.KZ. Лондондық "Челси" командасының қақпашысы Тибо Куртуа "Реал" құрамына қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ағылшын БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Аталған бельгиялық қақпашы Мадридтық клубқа өту үшін "Челси" жаттығуларына себепсіз келмей байкот жариялаған болатын. Сол үшін ағылшындар Тибо Куртуаның трансферіне қарсылық танытпады.

Мəліметтер бойынша айтулы трансфер барысында "Реал" жартылай қорғаушысы Нико Ковачичті "Челси" құрамына жалға беріп, тағы қақпашы үшін 35 миллион еуро төлейді. Ал, ағылшындар Куртуаның орнына "Атлетик" командасынан қақпашы Кепа Аррисабаллганы 80 миллион еуроға сатып алатын болады.