Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді

0
268

Қыздың адвокаты спортшыға, НБА-ға және "Майами хитке" ресми хаттар жолдады.


Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. UFC палуаны америкалық қызды зорлады деп күдікке ілінді. Бірақ өзі мұндай айыпты жоққа шығарады, деп жазады stan.kz.

Қыздың адвокаты спортшыға, НБА-ға және "Майами хитке" ресми хаттар жолдады. Айтуынша, баскетбол ойындарынан кейін Макгрегор оны ерлер дәретханасында зорлаған.

Күзетші Макгрегорға көмектескен болуы мүмкін. Өйткені ол қызды досынан айырып, аралас жекпе-жек жұлдызына жәбірленушіні дәретханаға апаруға мүмкіндік берді делінген. Күзетші қыздың сыртқа шығуына жол бермей, жолын бөгепті.

Құқық қорғаушының айтуынша, қыз кәсіби боксшыны бірнеше рет шынтақпен ұрып, қашып үлгерген. Енді жәбірленуші НБА және Макгрегормен сотқа дейінгі келісімге қол жеткізуге тырысуда.

Бокс жұлдызының командасы бұл айыптардың жалған екенін атап өтті.