"Манчестер Сити" Криштиану Роналдуға келісімшарт ұсынды

0
715

Роналду "Ююентус" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.


ERNUR.KZ. Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Ювентус" командасынан кетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Журналист Никола Скираның ақпараты бойынша, "Манчестер Сити" футболшыға келісімшарт ұсыныпты. Ағылшын командасы 36 жастағы шабуылшымен 2023 жылға дейін келісімшарт жасауға дайын. Бұған дейін Роналдудың өзі де трансферлік терезе аяқталғанша "Сити" сапына ауысу туралы мәселені әріптестерімен ақылдасқан.

Ал танымал инсайдер Джанлука Ди Марциоо болса ағылшын командасы Роналдуға жылына 15 миллион еуро беріп, екі жылға келісімшарт жасауға дайын екенін мәлімдеді. Осы мәселені шешіп, келіссөз жүргізу үшін Криштианудың агенті Жорже Мендеш Туринге келген.

"Манчестер Сити" басшылары Роналдудың трансферіне ақша бөлгісі келмей отыр. Оның орнына бұл команда "Ювентуске" бразилиялық шабуылшы Габриэл Жезусты береді.

Еске салайық, Роналду "Ююентус" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның туриндік командасымен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады.