Мессиді әлемдегі ең нашар футболшы деп атады

0
749

2022 жылғы әлем чемпионатында Месси командасымен жеңіске жетті.


Мессиді әлемдегі ең нашар футболшы деп атады

ERNUR.KZ. Белгілі стример Даррен IShowSpeed Уоткинс Аргентина құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиді сынады. Оның сөзінше, футболшы дриблинг қана жасай алады екен, деп жазады vesti.kz.

"Месси әлемдегі ең нашар ойыншы болуы да мүкін. Ақырына дейін шынайы болуымды сұрасаңыздар? Месси тек допты алып жүре алады. Қолынан келетін жалғыз дүние - ол дриблинг. Маған Месси ұнамайды", - деп береді стримердің сөзін MSN.

Еске салайық, Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында Месси командасымен жеңіске жетті. Сонымен қоса, ол жеті рет "Алтын доп" иегері атанған.