Милад Карими Қазақстанға әлем чемпионатының тарихи жүлдесін тарту етті

0
2 079


Милад Карими Қазақстанға әлем чемпионатының тарихи жүлдесін тарту етті

ERNUR.KZ. Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Алтын Артем Долгопяттың (Израиль), күміс Казуки Минамидың (Жапония) еншісінде.