​Мысыр – Уругвай – 0:1

0
1 459

«Екатеринбург-Арена»да Мысыр мен Уругвай құрама командалары алаңға шығып, стадионға жиналған жанкүйерлер бір голға куә болды.


​Мысыр – Уругвай – 0:1

ERNUR.KZ. Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының «А» тобындағы 1 – тур матчтары аяқталды, деп хабар береді ERNUR.KZ. тілшісі.

«Екатеринбург-Арена»да Мысыр мен Уругвай құрама командалары алаңға шығып, стадионға жиналған жанкүйерлер бір голға куә болды.

Матчтан алдын «Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммет Салах алаңға шығады деген

пікірлер айтылған болса да, осы ойында мысырлықтар жетекші футболшысы жарақатына байланысты алаңға шыға алмады.

Ойынның 90-минутында уругвайлықтар қорғаушысы Хосе Хименес басымен соққы бағыттап, есепті ашты. Жалғыз гол Уругвай құрама командасына 3 ұпай алып берді.

2-турда Ресей – Мысыр, Уругвай – Сауд Аравия құрама командалары кездеседі.