​ Отандық спортшы Румынияда бес асықтан әлем кубогын еншіледі

0
865

Румынияда асық ату мен бес асықтан әлем кубогы аяқталып, Ақмола облысының өкілдері үш медаль жеңіп алды.


​ Отандық спортшы Румынияда бес асықтан әлем кубогын еншіледі

ERNUR.KZ. Ақмолалық спортшы Румынияда бес асықтан әлем кубогын жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

Румынияда асық ату мен бес асықтан әлем кубогы аяқталып, Ақмола облысының өкілдері үш медаль жеңіп алды.

Думан Көгершін бес асықтан жарыста жеке және командалық есепте екі алтын медаль жеңіп алды. Тимур Әбілов Асық атудан жарыста күміс жүлдегер атанды.

Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Самат Әукеновтің айтуынша, Қазақстан құрама командасы жалпы командалық есепте асық атудан да, бес асықтан да бірінші орынға ие болды.