Өзгеріс бар: "Алтын допқа" үміткерлер тізімі жаңартылды

0
624

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бірінші орында қалды.


Өзгеріс бар:

ERNUR.KZ. Goal басылымы "Алтын доп" сыйына үміткер футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады vesti.kz.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бірінші орында қалды. Жалпы алғашқы үштік өзгермеген. Екінші орында ПСЖ форварды Килиан Мбаппе, ал үшінші - Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити").

"Барселона" ойыншысы Роберт Левандовски төртінші орыннан ПСЖ-ның тағы бір футболшысы Неймарды төмен сырғытып жіберді.

"Алтын допқа" үміткер топ-10 футболшы:

1. Лионель Месси (ПСЖ)

2. Килиан Мбаппе (ПСЖ)

3. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити")

4. Роберт Левандовски ("Барселона")

5. Неймар (ПСЖ)

6. Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед")

7. Винисиус Жуниор ("Реал")

8. Хвича Кварацхелия ("Наполи")

9. Виктор Осимхен ("Наполи")

10. Джамал Мусиала ("Бавария").