Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжат тапсырды

0
605

Ресей президентінің сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына жоспарланған.


Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжат тапсырды

ERNUR.KZ. Владимир Путин президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

"Иә. Тапсырды", - деді ол.
Ресей президентінің сайлауы 2024 жылдың 17 наурызына жоспарланған. Путин желтоқсан айының басында өзінің кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.
Бұған дейін ол жоғары мемлекеттік лауазымға 4 рет сайланды: 2000, 2004, 2012 және 2018 жылдары. Конституциялық түзетулер қабылданғаннан кейін ол 2024 жылы да өз кандидатурасын ұсыну құқығына ие болды.
Мемлекет басшысы сайлауға өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысады. Бұған дейін "Единая Россия" Путиннің жаңа мерзімге ұсынылуын бірауыздан қолдады.