Тректегі велоспорттан Азия чемпионаты: Жасөспірімдер екі алтын жеңіп алды

0
749

Бүгін жарыс жасөспірімдер арасында өтті.


Тректегі велоспорттан Азия чемпионаты: Жасөспірімдер екі алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Сеулде тректегі велоспорттан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық екі велоспортшы құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанды, деп жазады Olympic.kz.

Бүгін жарыс жасөспірімдер арасында өтті. Ұлдардан топтық жарыста Александр Бекенов ұпай саны бойынша қарсыластарынан басым түсіп, ел қоржынына алтын жүлдені салды.

Ал қыздар арасында Өсім Ақпейіл көш бастап, бірінші орынға ие болды.