Түркістан облысының оқушылары тарихи жеңіске жетті

0
1 163

Екі жылда бір келетін спартакиадада топ жарған спортшылар енді халықаралық сайыстарға дайындалатын болады


Түркістан облысының оқушылары тарихи жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Түркістан облысының оқушылары жазғы спартакиаданың жеңімпазы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Қызылорда қаласында ҚР мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Аталған дүбірлі доданыы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған болатын. Төрт айдан астам уақытқа созылған сында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Атап айтсақ,Түркістанның талантты өрендері 20 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль еншіледі. Екінші орынды Алматы қаласының спортшылары жеңіп алса, үздік үштікті Қызылорда құрамасы түйіндеді. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға кубокты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығының» директоры Садық Мұстафаев тапсырып, жаңадан құрылған Түркістан облысының бұл жетістігін тарихи жеңіс деп бағалады.

Айта кетейік, спортшыларды спартакиадаға облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық пен денешынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп дайындаған. Тиісінше, білікті бапкерлердің еңбегі еш кетпей, түркістандық жастар республикада теңдессіз екендерін дәлелдеді. Екі жылда бір келетін спартакиадада топ жарған спортшылар енді халықаралық сайыстарға дайындалатын болады.