УЕФА Қайраттың Конференциялар лигасындағы матчын шешті

0
595

УЕФА делегаты маусымның басында Варкерт стадионында далалық инспекция өткізді.


УЕФА Қайраттың Конференциялар лигасындағы матчын шешті

ERNUR.KZ. 28 шілдеде өтетін венгриялық «Кишварда» мен қазақстандық «Қайрат» арасындағы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта матчтың өтетін орны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кишварда» ресми сайтының хабарлауынша, клуб УЕФА-дан ресми хабарлама алған, оған сәйкес екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны Кишвардадағы «Варкерт» стадионында өтеді деп жоспарланған.

УЕФА делегаты маусымның басында Варкерт стадионында далалық инспекция өткізді. Командалардың алғашқы ойыны 21 шілдеде Алматының орталық стадионында өтеді.