WBO Головкинге қатысты шешім шығарды

0
580

Қазір GGG рейтингте екінші орында тұр.


WBO Головкинге қатысты шешім шығарды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Геннадий Головкинді екінші орта салмақ рейтингіне қосты, деп жазады Vesti.kz.

Қазір GGG рейтингте екінші орында тұр. Сондай-ақ, үздік үштікте ұлыбританиялық Зак Паркер (көшбасшы) және Джон Райдер (үшінші орын) бар. Бұл салмақтағы абсолют чемпион Головкиннің қарсыласы Сауль Канело Альварес.

Бұл рейтингте тағы бір қазақстандық Айдос Ербосынұлы бар, ол 12-орында. Айдос төрт позиция жоғалтқанын айта кетейік.

17 қыркүйекте Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегін өткізеді. Трилогия алдыңғы екі айқас өткен Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді.