Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні айтылды

0
630


Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні айтылды

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінде 28 жастағы британиялық Лиам Уильямспен (23-2-1, 18 KO) кездесуі мүмкін, деп жазады Тengrinews.kz.

"Уильямс WBO желісі бойынша америкалық Деметриус Андрадеге міндетті қарсылас. Егер Лиам мен Андраде арасындағы кездесуді ұйымдастыру бойынша қиындықтар туса, ол Әлімханұлымен жұдырықтаса алады. Қазақстандық боксшы талантты, жақсы дағдылары бар және британиялықтан жасырақ. Лиам тіпті Әлімханұлынан жеңіліп те қалуы ғажап емес. Егер Уильямс шынымен мықты болса, Әлімханұлын жеңеді", - делінген хабарламада.