​50-ден асқанда қалай ЖАС КӨРІНУГЕ болады? Қарапайым 4 ЕРЕЖЕ

0
6 262

Ол үшін МЫНА 4 ережені мұқият орындаңыз.


​50-ден асқанда қалай ЖАС КӨРІНУГЕ болады? Қарапайым 4 ЕРЕЖЕ

Елу жаста балалар өсіп, қыз ұзатып, келін түсіріп, немере сүйетін шақта да ӘДЕМІ ӘЖЕ болып жүруге болады. Өмір әлі аяқталған жоқ, қарттыққа мойымай, әдемілікті сақтау сіз үшін қиын емес. Оған сенімді болыңыз.

50 жастан кейін күрделі операциясыз, қымбат фитнес орталықтарына бармай-ақ дене сымбатыңыз бен бет-әлпетіңіздің көрінісін бірнеше жылға жасартуға болады. Ол үшін МЫНА 4 ережені мұқият орындаңыз.


Бірінші ЕРЕЖЕ: Қозғалыс

Әрине мұндай жасқа келген әйелдердің қимыл-қозғалысы ауырлайтыны белгілі. Оның үстіне күні бойы жұмыста отырып, кешке ештеңеге зауқы болмайтын әйелдер көп. Қазіргідей мүмкіндік мол кезде ешкімнің жаяу жүрмейтіні тағы бар. Жеке көлігі болмаса такси шақырып, аз дегенде автобуспен жүреді.

Сондықтан неғұрлым жас көрінемін десеңіз, жетер жеріңізге бір-екі аялдама қалғанда түсіп қалыңыз да, жаяу жүріңіз.

Денеңіз тынығып, өкпеңіз оттегімен қанығады. Бұл денсаулығыңыз үшін маңызды. Сізге алғашқыда қиын көрінер, бірақ уақыт өте келе осы серуендеудің рахатын cезінесіз.

Мүмкіндігіңіз болса, жүзу, би, йога сабақтарына жазылсаңыз да керемет.

Өйткені сіздің деніңіз сау әрі ширақ болсаңыз, қартайғанда балаларыңыз үшін ауыртпалық түсірмейсіз.


Сұлулық үшін пайдалы МАКИЯЖ

Міндетті түрде өзіңіз үшін күтім жасаңыз. Таңертең бетке арналған жаттығуларды күн тәртібіне енгізіңіз. Бұл жаста бет пен мойын терісі «салбырайтыны» анық, ал бетке арналған жаттығулар мұны болдырмайды.

Мысалы жай ғана жымию, күлу де осы жаттығулардың қатарына енеді. Күн сайын айна алдында тұрып күлімдеңіз. Оны қаламауыңыз мүмкін, өз басыңызда, отбасыңызда түрлі түйткілдер орын алып жатқанда қалай күлемін демеңіз.

Егер өз өзімнен күле алмаймын десеңіз, мұны күшпен жасаңыз. Кемінде бір минут осылай жасасаңыз, бір аптадан соң нәтижесі байқалады.


Екінші ЕРЕЖЕ: Өзіңізге қамқор болыңыз!

Теріге нәрлендіруші өнімдер қажет. Жеміс, көкөніс, сүт өнімдері мен жарманың көмегі орасан зор. Олардан әртүрлі маскалар, скраб, крем жасауға болады.

Теріңізге пиллинг жасап, өлі жасушалардан арылтып отырыңыз.

Егер денсаулығыңызда қарсы көрсетілімдер болмаса, аптасына бір рет рет моншаға барып, ыстық буға кіріңіз. Бірақ тым беріліп, ұзақ отыруға да болмайды, қатерлі ісік жағдайына жеткізбес үшін өзіңізді қорғаңыз.

Ұйқы маңызды. Күндіз ұйқыңыз келсе, 10-15 минут мызғып алуға уақыт табыңыз. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді қалыпта ұстайды. Ал көңіл-күй сыртқы бейнеге әсер етеді.


Үшінші ЕРЕЖЕ: Дұрыс жасалған макияж

Әйел әрқашанда әрлеумен әдемі көрінеді. Бірақ бояну деген әр жасқа лайықты болса ғана көркіңіз ашыла түспек.

Сондықтан, макияждың мына түрлерінен бас тартқаныңыз жөн:

Ашық немесе ақ түсті көз бояуы (тень), тональды кремді қалың етіп жағу сіздің жасыңызға жас қосады. Көз қиығын сызуға арналған қара контур, жылтыр әрі жарқын түсті далап және румяна сізді талғамсыз көрсетеді. Тіпті сайқымазаққа айналуыңыз мүмкін.

Қасыңызды жіп-жіңішке етіп термеңіз, жіңішке етіп боямаңыз. Себебі ол табиғи емес, сондықтан «ескіліктің» лебі сезіліп тұрады.

Шаш үлгісі де маңызды. Бет пен иекке, ерінге жақын етіп қиылған немесе бетті жартылай жауып тұратын шаш үлгісі сәтсіз көрініс.


Төртінші ЕРЕЖЕ: Тамақты сұрыптау

Жасқа байланысты шектеулер, диеталар, жалпы тамақтану жүйелері бар. Сондықтан, қарттыққа итермелейтін өнімдерден аулақ болғаныңыз жөн.

Ақуызы мол тағамдар ағзаға сіңімді. Бұршақ, соя, майсыз ет секілді өнімдерді таңдаңыз.


Қартаюға қарсы өнімдер:

1.Қара өрік. Күніне 3-4 жидек жеуді әдетке айналдырсаңыз, айтарлықтай қартаюдан қорғайды.

2.Мейіз. Кем дегенде күніне 2 ас қасық мейіз жеңіз.

3.Қырыққабат. Шикі немесе тұздалған күйі маңызды емес, қандай түрін тұтынсаңыз да айтарлықтай жас көрінуіңізге септігін тигізеді.

4.Көк шай. Метоболизмді жақсартады.

5.Қызылша - қанның құрамын жақсартады.

6.Апельсин- құрамындағы С дәрумені жастықты сақтаушы.

7.Қара жүзім - антиоксиданттық қасиетімен танымал.

8.Тәтті бұрыш ас құрамына қосуды әдетке айналдырыңыз.

9.Тары. Тарыдан жасалған ботқаны аптасына 3 рет жеп тұрсаңыз, қарттыққа бой бермейсіз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Әжімнің алдын алуға арналған 7 түрлі МАСКА

ШАШ неліктен тез майланады? 7 СЕБЕП