Мұның себебін білгіңіз келе ме?
Бүгін жусаңыз да, шашыңыз арада бір күн өте салысымен майлана бастайды ма?
Мұның себебін білгіңіз келе ме?
Әрине бір жағынан, организмдегі ауытқушылықтар, гормондардың өзгеруі немесе дәрумендердің тапшылығынан деп өз-өзімізге шешім шығарып, анализ жасаймыз. Бұл дұрыс емес, бірақ тек қол қусырып қарап отыруға да болмайды.
Қымбат және сәнді кондиционерлерден бастап, қарапайым үй жағдайында жасалатын, бірақ пайдасы мол халықтық косметикаға дейін қолданатын әйелдер көп. Барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, шаштың тез майлы болып кетуіне қарсы күрес жүргізеді. Бірақ ол көп жағдайда сәтсіз болып шығатынын өзіңіз де байқаған боларсыз? Шын мәнінде, майлы шаш неден туындайды, осыны ескерген жөн.
1. Шашыңызды жиі ҰСТАМАңыз!
Дерматологтар мен дәрігерлер бір ауыздан тазалық өте маңызды екендігін ескертеді. Бетіңізді қолыңызбен ұстай берсеңіз қандай реакция байқалады? Тері ластанады, әртүрлі жағымсыз сезімдер туындайды. Сол секілді шашқа да дәл осындай қағидамен қарағаныңыз жөн. Шашыңызды қолыңызбен жиі ұстай бермеңіз. Өйткені адам денесінен май бездері бөліп шығаратын май (әсіресе саусақтардан) шашқа түсіп, ластану процесін бастайды. Сондықтан шаш тез кірленіп, майланып кетеді.
2. Шашыңызды жиі ТАРАМАңыз!
Жалпы шашты тарау жақсы, бас терісінің қан айналымын жақсартып, шаштың өсуін жылдамдатады, шаш саулығын сақтайды деп сенеміз. Дегенмен, мұны да шектен асырмаған дұрыс дейді мамандар.
Тарақпен шашты тарағанда бас терісіне әдеттегіден көбірек май шығарады. Бұл шашыңызға әдемі жылтырлық сыйлайды. Бірақ шашыңызды жиі, күніне 5-6 рет тарау майлануға алып келеді.
3. Басыңызды жиі ЖУМАңыз!
Майды кетіру үшін басыңызды жуасыз. Ал шашыңыз жиі майланса, жиі жуу қажет емес, оның шешімін басқадан іздеу керек. Өйткені осылайша проблеманы арттыра түсетініңізді байқамай жүрген болуыңыз мүмкін. Сусабынның күнделікті қолданылуы бас терісінен табиғи майды жуады, нәтижесінде тері сол майдың екі бөлігін шығарады. Шашыңызды кем дегенде 3-4 күнде (дұрысы аптасына 1 рет жууға тырысыңыз) жууға үйретсеңіз әдемі қалпын сақтай аласыз.
4. КОНДИЦИОНЕРді тым көп қолданбаңыз!
Кондиционерлерге сақтықпен қарау керек, өйткені оларды кейбіреулер дұрыс пайдалана алмайды. Қателігіңізді көргіңіз келсе түртіп алыңыз:
Біріншіден, кондиционерді шаштың бүкіл ұзындығына емес, ұштарына ғана жағыңыз. Екіншіден, шашыңыздың түріне арналған кондиционерді мұқият таңдаңыз.
5. ТАРАҚты жиі ЖУУға болмайды!
Тарақты жуып, тазалап тұру керектігін барлығы біледі. Соған қарамастан, гигиеналық нормаларды бұлжытпай сақтаймын деп шектен шығып, әр таранған сайын тарағын жуатын адамдар есте сақтау керек.
Тарақты жиі жуған сайын, көп ұзамай бұл тұрмыстық зат бактериялардың көбею көзі болады. Ал бактериялар өз кезегінде қайтадан шашыңызға түседі, содан шаш қайтадан ластанып, майлы болады.
фото: aliexpress.ru
6. ТАРАҚты таза ұстаңыз!
Бұл механизм қарапайым ғана: майлы шашты тарағанда ондағы қалдықтар тарақта қалады, содан кейін сіз таза шашыңызды сол тарақпен тарайсыз.Кеше жуылған шашыңыз бүгін бірден лас болып шыға келсе, тарақты тазартыңыз.
7. ШАШ күтіміне арналған өнімді дұрыс таңдаңыз!
Сусабындар, кондиционерлер, маскалар мен бальзамдардың сипаттамасын оқып шығыңыз. Көбінесе, тіпті кәсіби құралдар сіздің шашыңызға сәйкес келмеуі мүмкін. Ең дұрысы, шаш косметикасын таңдау кезінде маманнан кеңес алған артықтық етпейді.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
ОҚИ отырыңыз: