50 жаста 30-дағыдай көрінгіңіз келе ме?

0
2 696

МЫНА 15 ережені күнделікті дағдыңызға айналдырыңыз!


50 жаста 30-дағыдай көрінгіңіз келе ме?

фото: shnyagi.net

Әлбетте, кез келген қыз-келіншек әрдайым әдемі, жас қалпын сақтап қалғысы келеді. Бірақ ол үшін еңбектенуге тура келетінін білсе де, кейде тағдырдың түрлі жолдары, уақыттың тапшылығы мойын бұрғызбай, бет күтімі үшін арнайы уақыт бөле алмай жататын қыз-келіншектер көп-ақ. «Күтім жасап жатырмын» деп крем жағумен шектелетін әйелдер де бар. Оның өзін дұрыс жағуды білмейді. Тері типіне сай кремдерді таңдамасаңыз, ол керісінше теріңізге пайда емес, зиян алып келуі де мүмкін. Жасару үшін тек қана бет күтімін орындау жеткіліксіз.


МЫНА 15 ережені күнделікті дағдыңызға айналдырсаңыз, әлбетте мүсініңіз бен бет-әлпетіңіздің жастық қалпын ұзақ уақытқа сақтай аласыз.


1. Дене жаттығулары арқылы денеңізді күтіңіз. Көбірек жаяу серуендеңіз немесе велосипедпен жүріңіз.


2. Пластикалық операциядан түбегейлі бас тартыңыз, шын жүректен табиғи жолмен жасару техникаларына сеніңіз және «ИӘ!» деген көз қарас танытыңыз. Мұндайда сізге фейспластика әдісі көмектеседі.


3. Өз салмағыңызды бақылаңыз. 30-дан кейін жазда ашық көйлектер немесе шомылу костюмдерін кию үшін, мамыр айында бір апта айран ішу жеткіліксіз. Сонымен қатар артық салмақ сүйектердің тозуына және тірек-қимыл аппаратының дисфункциясына кері ықпал етеді.

4. Әр көктемде ғашық бола білу. Алдымен өзіңізді жақсы көріңіз, жұмысқа, өмірге деген ғашықтығыңыз таусылмасын. Ең дұрысы әр күн сайын өзіңе ғашық болу!

5. Кешкі 19:00 кейін тек су ішуге тырысыңыз. Таңертең таңғы астан рахат алыңыз.


6. Күн сайын кем дегенде 5 рет «Алғыс» айтыңыз. Ал содан кейін әлем сізге қалай алғыс айта бастайтынын көресіз, сезесіз.

фото: mobile.alphacoders.com


7. Сағат 23.00-ге дейін ұйқыға жату керек, гаджет құшақтап жату емес, сүйіктіңізбен құшақтасып ұйықтаңыз. Дұрыс матрас пен жастықты таңдаңыз кем дегенде 8 сағат ұйықтау керек.


8. Ешқашан өзіңізге дауыстап: «Мен жасай алмаймын!», «Қорқамын», «Мен лайық емеспін» деп айтпаңыз.


9. Жаңа нәрсені білуге, өмірді жарқын көзбен көруге ұмтылыңыз, сонда ішіңіздегі ізденімпаз бала ешқашан қартаймайды.


10. БҮКІРЕЙМЕҢІЗ! Тірек-қимыл жүйесімен, омыртқаңызбен жұмыс жасаңыз, денеңізді және бетіңізді қысымнан арылтыңыз. Мұны қалай дұрыс жасау керектігін фейспластика мамандарынан үйреніңіз.


11. Өкінбеңіз, шағымданбаңыз, сараң болмаңыз.

1️2. Демалыс және мереке күндері өзіңізді еркелетіңіз.

13. Биомеханика тұрғысынан дұрыс жүруді дамытыңыз, ал өмірде - жеңіл қадам жасаңыз.


14. Ешқашан өзіңізді, сыртқы келбетіңізді және жетістіктеріңізді басқалармен салыстырмаңыз. Өйткені әр адам бірегей тұлға!


15. Енді кейде бір сәтке болсын осы айтылған барлық ережелерді ұмытып кетіңіз. Кейде түні бойы ұйықтамай, 21.00-кейін қасықпен торт жеп, жалғыз немесе жай ғана көңіл-күйсіз болуға мүмкіндік беріңіз. Өзіңізді қабылдаңыз және жақсы көріңіз! Ешқашан өзіңізге көңіліңіз толмаса, жазаламаңыз, біреумен салыстырмаңыз!


Осы ережелерді мүлтіксіз атқарсаңыз, айнаға қарағанда өз жасыңыздан әлдеқайда жас көрінетіндігіңізді байқайтын боласыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КҮНге дұрыс күюдің ЕРЕЖЕЛЕРІ


МЫНА тұнбалармен шашыңыз ЖЫЛДАМ өседі