МЫНА тұнбалармен шашыңыз ЖЫЛДАМ өседі

0
2 965

Қолжетімді әдіспен шашыңызды жылтыратуға болады


МЫНА тұнбалармен шашыңыз ЖЫЛДАМ өседі

фото: bakimhome.com

Шаштаразға барып, шашыңыздың ұштарын қысқартсаңыз, жақсы өсуіне мүмкіндік туады деп ойлауыңыз мүмкін. Өйткені, шаштың ұштанып, түсі өзгеріп кеткенін осылай түзеткеннен басқалай жолды көрмеуіңіз мүмкін.

Бірақ, шаштың жай ғана ұзын болып өскені емес, жылтырап, сусылдап әдемі болып тұрғаны маңызды емес пе? Шаштың сұлулығы да көркіңізге көрік қосатыны сөзсіз.

Ол үшін әрине күтім қажет. Арнайы сусабындар мен маска, кондиционер сатып алып шығынданғанша табиғи өнімдермен шаштың саулығын қалпына келтіріп, әдемі күйге еніңіз.


Әсіресе қазіргі мезгілде бұл өнімдерді табу аса қиын емес, қолжетімді. Сіз де өз пайдаңызға жаратып үлгеріңіз.

Шөптер мен ағаш бұтақтарының қайнатпасымен шайыңыз.

Шашыңызды әдеттегідей сусабынмен тазартып жуып алған соң, шайғыш бальзамдардың орнына МЫНА өсімдіктердің қайнатпасын пайдаланғаныңыз әлдеқайда тиімді.


РАЙХАН гүлінің қайнатпасын пайдалансаңыз, шаштың жеңіл таралуына көмектеседі. Бальзамның орнын алмастыра алады. Бұл әдіс шашы құрғақ және қалың аруларға көп көмектеседі.


ҚАЙЫҢ ЖАПЫРАҒЫ шаштың өсуіне, қалыңдауына, жылтыр және жұмсақ болуына үлес қосады.


ҚЫРМЫЗЫ ГҮЛІ (календула) шашты жұмсартады, бас терісіндегі сезімталдықты азайтады. Аптап ыстықта бас терісіне бөртпелердің пайда болуының алдын алады. Егер бас терісінде осындай бөртпелер бар болса, оны кетіреді.


ТҮЙЕЖАПЫРАҚ (лопух) шаш түптерін қатайтады, өсуін жылдамдатады. Жұмсартады.


ҚАЛАҚАЙ (крапива) шаштың түсуін тоқтатады, сынғыштығын болдырмайды. Шаш селдіреп, жұқарып кетсе, қалыңдатады.


ӨГЕЙШӨП (мать и мачеха) шаш түптерін қатайтады, түсуінің алдын алады. Шаштың өңі кіріп, жылтырайды.


фото: seminar-beauty.ru

ТҮЙМЕДАҚ (ромашка) шаш түбін бекемдейді. Қайызғақтан арылтады, бас терісінің құрғау салдарынан пайда болатын қышуды басады.


Тұнбаны дайындау үшін:

Жоғарыда келтірілген өсімдіктердің қайсысына тоқталсаңыз да, кептірілген өсімдікті қолданғаныңыз жөн. 2-4 ас қасық көлемінде өсімдікті бір ыдысқа салып, үстінен 400 гр қайнаған су құйыңыз. Қақпағы бекітілетін ыдыс болғаны жөн. Ыдыстың қақпағын жауып, сыртынан қалың сүлгімен немесе орамалмен орап, 15 минутқа қалдырыңыз.

Белгілі уақыт өткеннен соң, тұнбаны сүзіп алыңыз. Сүзіп алынған сұйықтықты термосқа құйып алсаңыз болады.

Өйткені, шашыңызды жуған соң, осы қайнатпамен шаясыз. Ал қайнатпа жылы болғаны жөн. Бұл тұнбаны шашыңызды жуар алдында дайындап қойсаңыз, нәтижесі жақсырақ болады.


ЕСКЕРТУ!

Аталған қайнатпалардың ешқайсысымен шашына мелировка жасатып, сары түске бояғандарға қолдануға болмайды.

Өйткені, ол шаштың түсін өзгертеді. Өсімдіктен дайындалған қайнатпалар қандай да бір түске ие. Оның ішінде әсіресе қайың жапырағы, түймедақ және қалақай.

Сонымен қатар, бұл тұнбаларды аллергиясы бар адамдарға да қолдануға болмайды. Егер бұл өсімдіктерден аллергияңыздың бар-жоғын тексеріп көргіңіз келсе, осы қайнатпаның аздаған мөлшерін білегіңіздің ішкі жағына жағып көріңіз. 20-30 минуттан соң ол жерден өзгеріс байқалмаса, қолдана беруіңізге болады.

Бұл өсімдіктердің кептірілген түрін кез келген дәріханалардан таба аласыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Өкше жарылса лезде ЕМДЕУГЕ болады


Құрғақ тері - тез қартаюдың себепкері