Ақ түсті АЯҚКИІМДІ жұмыртқаның АҚУЫЗЫ жақсы тазартады

0
3 040

Ал ЛИМОНМЕН сүртіп көрсеңіз, нәтижесіне өзіңіз де таңқаласыз.


Ақ түсті АЯҚКИІМДІ жұмыртқаның АҚУЫЗЫ жақсы тазартады

Басқа мезгілдерге қарағанда жазда көптің көзі аяқкиімге тез түседі. Ашық, әдемі аяқкиімдер өзінің түсі мен сапасын сақтау үшін оған қожайыннан да күтім керек.

"Аяғына қарап, асын іш" деген мәтелдің түп төркіні тазалыққа келетіндігі анық. Тазалық біріншіден деннің саулығы, екіншіден, өзіңді қандай адам екеніңді аңғартатын бірден бір құрал. Иә, кез -келген аяқ киімге шаң қонып, лас күйге түсуі тез-ақ. Оны тазарту да қиын дүние емес. Дегенмен де, аяқ киіміңіздің жылтырап, әрі оңайлықпен бүліне қоймайтындай етуге болады. Әсіресе, ер-азаматтардың былғарыдан жасалған аяққасұғарын тазалаудың бірнеше тәсілін көрсететін боламыз.


Сапасыз май мен бояу былғары аяқкиімді қабыршақтандырып жібереді

Картинки по запросу креми для обуви

Кез келген аяқ киімді майламас бұрын таза сумен бір жуып алған дұрыс. Себебі, қалдық шаң-тозаң мен ескі май қабаттасып, аяқкиімнің бүлінуіне жол береді. Ал, бояуды таңдарда да сапасына қараңыз. Тиындарды үнемдеймін деп, көп шығынға ұшырап қалмаңыз. Аяқкиім кремінің құрамында майы барына көбірек көңіл бөліңіз. Эмульсиясы бар болғанына ақшаңызды құртудың қажеті жоқ.


Пластмасса талшықтарынан жасалған щеткалардан аулақ болыңыз

Картинки по запросу креми для обуви

Тазалаушы бояулардан бөлек, сүрткіштердің де көмегі орасан. Щетканы таңдарда ең бастысы талшықтары пластмассадан болмағанын қадағалаңыз. Аттың жалынан жасалған немесе қарапайым талышқтардан болғаны да жарайды.


Аяқкиім ұзақ уақыт бойы жылтырап тұрсын десеңіз, КЕРОСИНді байқап көріңіз

Картинки по запросу керосин для обуви блескПохожее изображение

Тазартылған аяқкиімді мақпал матаны керосинге малып, жеңіл сүртіп шығыңыз. Содан соң, аяқкиімге арналған кремді арнайы жұмсақ губканың көмегімен сүртсеңіз жаңа алған аяқкиімнен айырмашылығы болмай қалады.

Сондай-ақ, майлы аяқкиім креміне бір-екі тамшы таза су тамызып, жұмсақ матаның көмегімен (екі саусақ арқылы) сіңіп кеткенше сүртіп шығыңыз. Бұл да жылтыратуға таптырмас мүмкіндік.

Ескерту! Керосинді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!


ЛИМОНмен сүртілген аяқкиімге ұзақ уақыт шаң-тозаң жабыспайды

Картинки по запросу лимон  для обуви для чистки

Шаң-тозаңнан таза аяқкиімді жылтырлығына көз жеткізіп алғаннан соң, бір сағаттан аса уақыт кептіріп қойыңыз. Кәдімгі лимонды бөліктерге кесіп, аяқкиімге үйкелеңіз. Толық жағылғын лимон шырынын тағы да 10 минутқа қалдырып, таза матамен кепкенше сүртіңіз. Бұл тәсіл аяқкиімді шаңнан қорғап тұрады. Әрине, өз уақытысымен.


Лакталған жылтыр аяқ киімнің сол қалпын сақтауына ВАЗЕЛИН жаққан дұрыс

Похожее изображение

Таза лакталған аяқкиімге қарапайым вазилинді жағып, артынан мақпалды шүберекпен ысқылап шығасыз. Жаңа ғана қораптан шыққан секілді жылтырап тұрады.

Вазелин қолыңызда жоқ болғанда, жуаны дөңгелектеп турап, аяқкиіміңізге жағыңыз. Әрмен қарай дәл жоғарыда айтқандай сүртіп шығыңыз.


Ақ түсті аяқкиімді жылтыратуға жұмыртқаның ақуызы қажет болады

Картинки по запросу белки для чистить обувьКартинки по запросу яичный белок до пены

Бір жұмыртқаның ақуызын бөліп алып, көбік болғанша араластырыңыз. Аз ғана сүтпен дайын көбікті ақуызды араластырып, аяқкиімге жағыңыз. Бұл тәсіл сіздің аяқкиіміңізді ұзақ уақытға дейін балғын күйінде ұстап тұрады. Сонымен бірге қанық түс сыйлайды.

Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

1950 жылдағы СӘН биыл ТРЕНДКЕ айналды

Спорттық АЯҚКИІМ таңдағанда міндетті түрде ҰЛТАРАҒЫН көтеріп қараңыз