Баян Мақсатқызының ҮШ ҚҰПИЯСЫ: Шыдамсыздар сұлу бола алмайды

0
3 482

Баян Мақсатқызы сұлулығының құпияларымен бөлісті. Танымал продюссердің кеңестері жөнінде арнайы мамандардың пікірі қандай?


Баян Мақсатқызының  ҮШ ҚҰПИЯСЫ: Шыдамсыздар сұлу бола алмайды

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Бет күтімі мен сұлулығына аса мән беретіндер - өнер адамдары. Ал, ел алдында, халықтың назарында жүрген жандарға еліктеушілер де баршылық. Әсіресе, сұлулығына тамсанып, оларға ұқсағысы келетіндер де басым. Жасы орта белге жақындаса да өз сұлулығын сақтап қалған продюсер Баян Алагөзова өзіне қызығатындарға сұлулығының құпияларымен бөлісті.

Алғашқы құпиясы: "еңбектенбесең жас қалпыңды сақтап қалу мүмкін емес. Сұлулық - ол жалқауларға тән емес. Ең бірінші күнде таңертең отырып-тұру жаттығуын жасаңыз", - дейді продюссер.

Картинки по запросу приседания

Танымал продюссердің айтқан кеңесі, Батыстық мамандардың да тәжербиесінде де бар екен. Олар күн сайын отырып-тұру жаттығуын жасаған адамның сыртқы дене бітімі мінсіз болатынын айтады. Сонымен бірге, жарты сағаттан астам жаяу жүру де мүсініңіздің сымбаттылығын сақтайды екен.

Ал,Баян Мақсатқызының тартымдылығының екінші құпиясы, ішіп-жеуден өзін тежеу.

"Аса тәтті, ащы тағамдар мен қуырылған майлы астардан, газдалған сусындардан біржолата бас тартыңыз. Алдыңыздағы тағамның тек жартысын ғана жеуге шешім шығарыңыз", деген жазбада.


Белгілі диетолог Айгүл Абдулаева да сымбаттылық пен денсаулық жеген тағамыңызға байланысты екенін айтады. Бет ажарыңыз бен сыртқы мүсініңіздің әдемі болғанын қаласаңыз күнделікті ішіп-жегеніңіздің 60 пайызын қысқарту керек. Күніне аз мөлшерде 4-5 рет тамақтану қажеттігін айтты. Әр тамақтанудың арасындағы кемінде үш сағат болуы шарт", - дейді диетолог.

Үшінші сұлулық сыры: "Негізінен, сұлулыққа шыдамсыздар жете алмайды. Ең басты есте сақтайтын қағида - ешкімге жаманшылық ойламай, басқалар үшін қуану арқылы жүзіңізден нұр төгіліп тұратын болды",- деп жазады ол.

Картинки по запросу Баян мақсатқызы

Ал, елімізге танымал психолог Құралай ханым "Сұлу болсын ғұмырың" атты арнайы семинарында әдемі болу өзіңізге ғана байланысты екенін айтты. Өсекке құмар, көреалмаушылығы басым адамдар тез семіргіш келеді. Уайымшыл жандар мен қызғаншақтық қасиет бойынан табылатындардың бет ажары тез қартайып, әжім сызықтарының көбеюіне алып келетіндігін ескертті.

Жаны сұлу адамның жүзінен шуақ, көзінен нұр шашып тұрады. Сұлу болу үшін ынта мен ықыластың рөлі мықты екенін айтады мамандар. Сұлулығыңызды қалыпта сақтау үшін жақсы әдеттерге үйір болып, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тырысыңыз. Баян Мақсатқызының ұстанған ережесінің нәтижесі жүзінен байқалады. Демек, сіздің сұлу болмысыңыз өз қолыңызда!

Дайындаған: Г.Әмірәлі,

ERNUR.KZ