​Бетке арналған ДӘРУМЕНге бай ҚЫСТЫҚ маскалар

0
2 796

Қыста масканы екі күнде бір рет жасау керек.


​Бетке арналған ДӘРУМЕНге бай ҚЫСТЫҚ маскалар

фото: психиатр27.рф

Бет терісі әжімсіз әрі түсі балғын болуы үшін ерекше күтім қажет. Ал ерекше күтімді түрлі масканың көмегімен жасаймыз. Қыс мезгіліне қандай маскалар сай келетінін және дәрумендерге бай тері күтіміне арналған үй жағдайында жасауға болатын маска түрлерін ұсынамыз. Қыста теріні ылғалдандырып қана қоймай, аяз бен желге төзімді болуы үшін түрлі дәруменмен қоректендіру қажет. Осыған орай, әсері өте күшті 10 түрлі масканы қолданыңыздар.

Маска мәселесіне тоқталған кезде оларды қаншалықты жиі қолданатындығымыз туралы айтпасқа болмайды. Жаз бен күз мезгілдерінде екі аптада бір рет маска жасасақ, қыста екі күннің бірінде маска жасауымызға тура келеді.


Құрмадан жасалған маска
Құрма – теріні ылғалдандырып қана қоймай, оны тереңінен қоректендіретін жеміс. Оның құрамында А, В1, В2, В3, С, Р сынды дәрумендер бар. Бұл дәрумендер қартаюды тежейді, әжімдердің орнын жазады. Жасалуы өте қарапайым: құрманың етін езіп, терімізге жағамыз. 20 минуттан кейін тониктің көмегімен сүртіп тастаймыз. Артынша қоректендіретін крем жағамыз. Аталған маска кез келген тері типіне сай келеді.


Дәрумендерге толы маска
Бұл рецепт қыс мезгілінде құртылатын құрғақ терілерге сай келеді. Зәйтүн майын қыздырып, бір-бір шай қасық А және Е дәрумендерін қосып, жақсылап араластырамыз.

Душқа түсіп шыққан соң масканы салфетканың көмегімен бетімізге жағамыз. 20 минут өткен соң майдың қалдығын тоникпен сүртеміз. Қосымша ештеңе қосудың қажеті жоқ.


Ашытқыдан жасалған маска

Қалыпты теріге таптырмас маска десек те болады. Ол беттегі қызарған бөртпелерді басып, майдың дұрыс бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Оны әзірлеу үшін ашытқы мен сүт қажет. Сүтті қыздырып, аз мөлшерде ашытқы саламыз. Араластырған кезде қаймаққа ұқсауы тиіс. Оны таза бетке жағып, арада 15 минут өткен соң жуып тастаймыз.

фото: seminar-beauty.ru
Банан мен бидайдан әзірленген маска
Бұл да қыс маусымына арналған, кез келген теріге сай келетін маска. Ол аяз бен желден қорғайды. Оны әзірлеу үшін банан мен бидай өсінділері қажет. Бидай дәндерін ыдысқа салып, су құйып, бөлме өсімдігі секілді етіп өсіруге болады. Ал масканы әзірлеу үшін өсінділер мен бананды араластырып, бетімізге жағамыз. Арада 25 минут өткен соң сумен шайып жібереміз. Артынша қоректендіретін крем жағамыз.


Киви-сұлулық жемісі
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.


Нәрлендіретін маска
1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.


Ылғалдандыратын маска
2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.

Жасартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 ас қасық алма езбесі және 1 ас қасық қою кілегеймен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бетті мұзбен немесе салқын, газсыз минералды сумен жуыңыз. Бетіңіз өздігінен кепкенінше күтіңіз, сүлгімен сүртудің қажеті жоқ.


Ағартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 шай қасық картоп крахмалы мен ½ шай қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып, ылғалдандырушы иісмай жағыңыз.


Солғын теріні қалыпқа келтіретін маска
2 ас қасық киви жұмсағына 1 жұмыртқа ағы мен ½ шай қасық зәйтүн майын қосып, араластырыңыз. Масканы бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы түймедақ қайнатпасымен жуып тастаңыз.

Егер күнде бетіңізді кивимен сүртіп тұрсаңыз, тері түсі жақсарады. Ал шашты өсіру үшін киви шырынын басқа жағып, 30 минуттан соң жуып тастаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қыс мезгілінде бетіңіз СҰЛУ және ТЕГІС болсын десеңіз


«ЕСКІРГЕН» күтімді ЗАМАНАУИ әдіспен алмастырыңыз