Қыс мезгілінде бетіңіз СҰЛУ және ТЕГІС болсын десеңіз

0
1 399

Қыс мезгілінде теріге ерекше күтім қажет.


Қыс мезгілінде бетіңіз СҰЛУ және ТЕГІС болсын десеңіз

фото:korenovsk-rc.ru

Сыртқа шықсаңыз, суық, бөлмеде жылыту құрылғыларының әсерінен ауа ыстық және құрғақ. Сондықтан, терісінде ешқандай мәселе болмаған адамның өзінде қыс мезгілінде терісі құрғап, сезімталдығы артып, түлей бастауы мүмкін.

Суық мезгілде теріге күтім жасаудың бірнеше тәсілдерін осыған дейін де жазып кеткен болатынбыз. Алайда, косметолог мамандарының кеңесімен суық ауа райында теріге күтім жасау барысында нені ескеру қажеттігін айтатын боламыз.


Қыста тері күтімі үшін ЕҢ МАҢЫЗДЫ не?

Қыста терінің құрғауы немесе түлеуі температура ауыспалы болғанда ағзадағы су балансының бұзылуынан пайда болады. Сондықтан, жылдың әр мезгілінде киімдерімізді қалай ауыстырсақ, бет күтімі үшін де солай коррекция жасау керек. Косметикалық өнімдерді таңдау барысында оның құрамына, сапасына назар аударып, маманмен кеңсу қажет болса, кеңесін алып, тері типіне байланысты таңдау жасаған жөн.

Тері суықтан, желден, құрғақ ауа райынан құрғайды, қызарып, курпероз да көбейеді. Негізі теріге күтім жасауда үй жағдайында, күнделікті дұрыс күтім жасау маңызды.

Қысқы күтімнің негізгі міндеті- суықтан және бөлме температурасының тым құрғап кетуінің әсерінен өңі кеткен терінің бұзылған эпидермистік қатпарын қалпына келтіру. Ол үшін терінің сыртқы қабатының клеткаларын «біріктіруші» және суықтан, желден, шаңнан және басқа да зиянды әсер етуші факторлардан қорғаушы қасиеті бар өнімдерді қолдану керек.

Екіншіден, теріні қоректендіру және ылғалдандыруды күшейту қажет. Текстурасы тығыз және майлы өнімдерді ұйқыға жатар алдында қолджану пайдасын береді. Сондай-ақ, құрамында коллаген, ретинол, пептидтері бар өнімдерге басымдық беріңіз.

Жылдң басқа да мезгілдеріндегідей, тамақтануды ретке келтіріп, әрдайым жылы су ішіп жүріңіз.

Егер суық ауа райында теріңіздің түсі күңгірт тартып, өңсізденіп бара жатса, дәрумендердің жеткіліксіздігінен хабар береді. Ал құрғап жатса, ылғалдылық жетіспейді деген сөз.


фото: supermodnaya.com


Суық мезгілде теріге күтім жасаудың 5 ережесі:

1.Жұмсақ өнімдерді қолданыңыз. Қыс мезгілінде тері түлеген сайын осы мәселені жою үшін қолданылатын скраб, маскалардың неғұрлым жұмсақ түрін таңдаңыз. Бұл терінің қызарып, қышуының алдына алады. Теріні жаңарту жыл бойы маңызын жоймайды- ол терінің регенерациясын жылдамдатуға көмектеседі және сіңіру жылдамдығын арттырады. Сондықтан, қатқыл түйіршіктері бар скрабтардың орнына құрамында өте азғантай мөлшерде қышқылдары бар эксфолиант кремдерін қолданыңыз.

2. С дәрумені бар кремдерді және сарысуларды (сыворотка) қолданыңыз. С дәрумені суық мезгілде теріңіздің қалыпты түсін сақтауға көмектеседі.

Ол теріні жылтыратып, серпімділігін арттырады, сыртқы зиянды факторлардан мейлінше қорғайды. Сонымен қатар, коллагеннің өндірілуін жақсартады.

Ал коллаген теріге әжім түсуінің алдын алады. Сондықтан, құрамында С дәрумені, антиоксиданттар бар өнімдерді таңдаңыз.

3. Теріңізді тұрақты түрде ылғалдандырып тұрыңыз. Қыс мезгілінде кәдімгі ылғалдандырушы кремге жоғары және төмен молекулалы гиалурон қышқылы, азулен және центелла экстракты бар сарысуды қосуыңыз керек. Бұл компонеттер эпидермистің терең қатпарларына еніп, теріні қалыпқа келтіреді.

Ылғалдандырушы керемдерді таңдау кезінде текстураға көңіл бөліңіз. Флюиддер және эмульсиялар қыс мезгіліне жарамсыз.

4. Бет тазартушы құралыңызды өзгертіңіз. Егер жазда гель-текстуралы немесе көпіршікті бет тазалаушы құралды қолданған болсаңыз, температура төмендей бастағанда оны крем-гельге, крем немесе май формуласы бар өнімдерге алмастырғаныңыз жөн.

Суық мезгілде терінің беткі қабатын қорғап тұратын себум аз мөлшерде бөлінеді. Сондықтан, көбенісе тері құрғап, жарыла бастайды. Ал мұны болдырмас үшін жұмсақ өнімдерді қолданыңыз. Макияжыңызды тазарту үшін крем, майларды және мицеллярлық суды қолдансаңыз болады.

5. Бұлтты күндері де күннен қорғайтын SPF кремдерін қолданыңыз. Тек қана қыс мезгілінде SPF-тің қорғау деңгейі 15-25 тен кем болмағаны орынды. Бұл кремді үйден шығардан 20 минут бұрын жаққаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«ЕСКІРГЕН» күтімді ЗАМАНАУИ әдіспен алмастырыңыз


Косметиканы ҚАНША МӨЛШЕРде жағу керек?