ЕКІ АЙДА көздің ТҮСІН «ӨЗГЕРТЕ» аласыз

0
8 476

Қалай дейсіз бе?..


ЕКІ АЙДА көздің ТҮСІН «ӨЗГЕРТЕ» аласыз

«Көздің түсін өзгертудің маған не қажеті бар?» деп ойланып та отырған боларсыз? Онда бұл тақырып сіз үшін емес.

Біз қой көзді арулардың «жасыл түсті» көзге қызығып жүргенін және ол үшін арнайы көздің түсін өзгертуші линзаларды пайдаланатын аруларға тікелей, пайдалы кеңестерді ұсынбақпыз.

Бұл да сұлулыққа жетудің жолдары деп қарастыратын, сұлулық үшін құрбандыққа баратын аруларға біздің кеңесіміз көмектеседі деген ойдамыз. Өйткені жасанды заттардың сұлулық сыйлайтын қасиеті болғанымен, ол денсаулығыңызға кереғар әсер етуі мүмкін.

Себебі көз-денсаулықтың кілті және адам жанының айнасы. Көз өте нәзік мүше. Онымен барынша абай болуы керек.

Көбінесе көздің түсі ата-ананың генімен анықталады. Бірақ бұл да қатып қалған ереже емес, өмірде әртүрлі жағдайлар бар.

Баланың туылғанға дейінгі көзінің түсін дәл анықтау мүмкін емес. Сәби өмірге келген алғашқы сәттерде де көзінің түсі дәл ата-анасынікіндей болмайды. Өсе келе өзгеруі мүмкін. Бұған әдетте «меланин» пигменті жауап береді. Бала есейген сайын оның көзінің түсі аздап өзгергенін байқауға болады. Сол секілді көздің түсі өзгермейді деп айта алмаймыз.

Сондықтан сіз көз қарашығының түсін өзгерткіңіз әлде өзгерткіңіз келмейтін шығар, дегенмен мүмкін көз жанарының жарқырап, «тұңғиығына тартып кетердей» сырлы болғанын қалайтын шығарсыз?

Ендеше, арманыңыздағы көздің түсін өзіңіз «жасай аласыз».



1.Қарапайым АЮЖИДЕК (медвежье ушко)

Бұл тыныштандыратын шай көздің бұлшықеттерін тез босаңсытады және көз қарашығының түсін жарқын етеді. Сонымен қатар, ол несеп айдайтын қасиетке ие және терінің әртүрлі ауруларына, сондай-ақ артритке көмектеседі. Сондықтан, егер сіз жалпы көздің түсіне риза болсаңыз, бірақ оны жарқын еткіңіз келсе, тыныштандыратын шай, яғни, аюжидек шайы сізге керек-ақ.



2. Бал

Күнделікті диета үшін қолданып жүрген болсаңыз, кәдімгі бал көздің түсіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бірақ балдың табиғи, таза түрін қолданыңыз. Балды күнделікті үзіліссіз, үнемі тұтыну көз алмасы мен қарашығына ерекше әсер етеді. Көздің табиғи түсіне жеңіл реңк береді.



3. Шпинат

Шпинат көздің саулығын сақтауға көмектесетін микроэлементтерге бай. Шпинаттағы темірдің жоғары мөлшері олардың түсін ашық және қанық етеді. Бір стакан шикі шпинат 27 калория қуат береді. Шпинат қосылған диета қатерлі ісіктің, демікпенің (астма) алдын алуға көмектеседі, қан қысымын төмендетеді және сүйектерді нығайтады. Ол сонымен қатар тері мен шаштың саулығына оң әсер етеді.



4. Балық

Теңіз өнімдері дәрумендердің барлық түрлерінің, әсіресе B, C, A, D, E және K дәрумендерінің бай көзі болып табылады. Бірақ көрінетін нәтижеге тек балық тағамдарын үнемі қолданумен қол жеткізуге болады.



5. Түймедақ шайы

Бұл керемет пайдалы шай жүйке жүйесіндегі стресс гормондарының концентрациясын төмендетеді және көзге жылы реңк береді. Ол сонымен қатар әртүрлі асқазан-ішек ауруларын, күйіктер мен тыртықтарды емдеу үшін қолданылады.


6. Зәйтүн майы

Зәйтүн майының таңғажайып қасиеттерін санамалаудың жөні жоқ. Себебі, оның пайдасы шаш етектен, бұл барлық аурулардың ең жақсы емі. Оның құрамына кіретін ерекше компоненттер көз жанарының түсін әдемі және нәзік етеді. Сонымен қатар, зәйтүн майы стрессті жеңілдетеді және қандағы зиянды холестерин концентрациясын төмендетеді.


7. Пияз

Пиязды үнемі тұтыну көздің түсінің біртіндеп өзгеруіне және терінің жақсаруына әкеледі. Пияз көз қарашығы мен шаштың саулығына оң әсер етеді. Сондай-ақ, бұл күйзелістің белгілерін жеңілдетеді, ұйқысыздықты емдеуге көмектеседі және тәбетті ашуға үлесін қосады.


8. Жаңғақтар (дәнектер)

Егер сіз көздің түсін айтарлықтай өзгерткіңіз келсе, онда кез-келген жаңғақ түрі сіздің дастарханыңыздан үзімеуі тиіс. Егер салмақ қосып алу қаупінен арылғыңыз келсе, есте сақтаңыз, ең аз калориялық өнімнің бірі-бадам жаңғағы. Жаңғақ көздің түсін біртіндеп қанық етуге, жылтыр өң беруге көмектеседі. Ал, жаңғақтардың қуырылған түрінде сіздің денсаулығыңызға пайда әкелмейтінін естен шығармаңыз. Өйткені жоғары температураға ұшыраған кезде барлық қоректік заттар жойылатынын ұмытпаңыз!


9. Ет

Ет мырыш пен магний сияқты минералдарға бай, бұл көз қарашығының түсін айтарлықтай өзгерте алады. Ет өнімдері ағзадағы барлық процестердің дұрыс жүруі үшін қажетті ақуыздармен қоректенеді.


(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

10.Зімбір

«Бұл тамыр» барлық қабынуды жоя алатын сиқырлы күш десек те болады. Химиотерапиядан кейін бұлшықет ауыруы мен жүрек айнуын айтарлықтай азайтады. Сондай-ақ, зімбір демікпенің белгілерін жояды және дәрі-дәрмектермен зақымдалған бауырды емдейді. Сонымен қатар, зімбір көздің түсіне керемет әсер етеді, оларды жарқын және айрықша күйге енгізеді.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


КӨЗ астындағы «ҚАЛТАНЫ» тез кетіруге болады


СҰЛЫ СҮТІнен сиқырлы маска жасаңыз