​Көзді ӘДЕМІ етіп бояудың ӘДІСТЕРІ

0
8 814

Көзді ҮЛКЕН етіп көрсету үшін...


​Көзді ӘДЕМІ етіп бояудың ӘДІСТЕРІ

Әрбір қыз-келіншек әдемі макияжды тек қана сұлулық салонында емес, бәлкім, үй жағдайында да әдемі етіп боянуға болатынын білетін болар. Бірақ, дұрыс боянбау әйелдің жасын ұлғайтып немесе көріксіз етіп көрсетуі мүмкін.


Сондықтан, көптеген әйелдердің боянудағы басты мәселесінің бірі «көзді қалай дұрыс бояу керек? Көз бояуының қай түрін таңдаған дұрыс?» деген сауалдарға жауап табу.


Көзді ҮЛКЕН етіп көрсету үшін

* Көзді бояу үшін қолданылатын «қулықтардың» бірі - көзді үлкен етіп көрсету. Ол үшін 2 түрлі жарқын түсті және 2 түрлі «табиғи» түсті тенді пайдалануға болады. Ашық және қою реңкті 2 түстің үйлесімділігін арттыра білсеңіз, көзіңіз ботадай болып шыға келеді.

Жарқын түсті реңк көздің ішкі бұрышын, қою түстер көздің сыртқы бұрышын бояуға қолданылады. Егер де ретімен бояуды қолдана білсеңіз, сұлулық салонынан шыққандай айырмашылық болмай қалады.


* Көздің қиығын, яғни, шекарасын айналдыра подводкамен сызу дұрыс емес. Қастың астыңғы жағынан бастап, ең ашық түсті жағу қажет. Төмен қарай ашық түстен қою реңкке ауыса бересіз. Ең қою түс көздің сыртқы бөлігіне жағылады.


* Жарқын түстегі көз бояуын перламутрлі немесе жарық жерде бірден назар аудартатынына мән беріңіз. Өйткені, дәл осындай тень көзді айқындап, үлкейтіп көрсете алатын қасиетке ие. Қарындаш немесе подводка көздің контурынан біршама жоғарырақ сызылуы тиіс. Контурды сызғанда көздің ішкі бөлігінен бастап, сыртқы бөлігіне қарай қалыңдату керек.


* Макияж жасауға кіріспес бұрын көзіңіздің айналасына арнайы нәрлендіргіш крем жағып алыңыз.

* Көз айналасындағы ұсақ қара дақтарды жасыру үшін әрине, консилерді пайдаланыңыз. Оны көздің айналасына қабағыңызды бойлай жағып шығыңыз.

* Хайлайтер тек қана көздің айналасындағы қара дақтарды жасыруға ғана емес, қастың айқын көрінуі үшін қас сызығының астына бойлай жағып шығыңыз. Сонымен қатар, хайлайтер көзді үлкенірек етіп көрсетуге де көмектеседі.

* Ашық түсті көз бояуын таңдасаңыз, күндізгі макияж түріне керемет таңдау. Сонымен қатар ашық түстер табиғи көз шегарасын (сызығын) үлкейтіп көрсетуге атсалысады.

* Көзді бояу үшін қарындашты пайдаланатын болсаңыз, ашықтау түстісін (ақ емес) таңдағаныңыз жөн. Өйткені, сүт түстес, ашық сары түсті қарындашпен кірпіктің түбін сызып шықсаңыз, көзіңізді үлкейтіп көрсетеді.

* Егер көзіңізді үлкен етіп көрсеткіңіз келсе, қап-қара түсті подводканы пайдаланып жүрген болсаңыз, көк түсіне алмастырсаңыз болады. Көк түсті подводканы жаға алмаймын дейтін болсаңыз, тек қана қара емес, сұрғылт, қоңырқай, қаракөк түсті подводкалар сізге көмектеседі.


КӨКШІЛ көз

Көзіңіздің түсі көкшіл болса, ашық қоңыр, алқызыл, сұрғылт, қызғылтсары, күміс түстес көз бояуын қолдануыңызға болады. Бұл түстерді қолдану арқылы сіз көзіңіздің түсін анық әрі жарқын етіп көрсете аласыз.

Мұндай түсті көз иесіне көк және жасыл түсті көз бояуын мүлде қолданбауға кеңес береміз.


СҰРҒЫЛТ (күл түстес) көз

Көзіңіздің түсі осындай болса, барлық түстегі көз бояуы сәйкес келеді. Тіпті, сұрғылт түсті көз бояуын жағуға да рұқсат. Алайда, көз бояуы көздің түсінен шамалы қанық болғаны дұрыс. Есте сақтаңыз, көзінің түсі сұрғылт болып келетін ханымдарға тым ашық түсті бояуларды абайлап қолдануыңызды ұсынамыз.


ЖАСЫЛ түсті көз

Ұсынылатын көз бояуының түсі: сары. Зәйтүн түстес реңк жасыл түсті көзді одан сайын жарқыратып көрсетеді. Бұл түс күндізгі макияж үшін аса қолайлы.

Жасыл-сұрғылт түсті көз иесі ашық сұр мен қою қоңыр түстің арасындағы барлық түрінен пайдалануға болады. Тек қана жасыл түсті теньді пайдаланбай-ақ қойғаныңыз жөн.

Жасыл көзді аруларға қою сия түстес, қою көк пен қызыл аралас реңк өте жарасымды.


ҚАРА және ҚОҢЫР

Көзінің түсі осындай арулар көптеп кездеседі. Сондықтан, көз бояуын дұрыс таңдай білсеңіз, көзіңіздің сұлулығын одан сайын арттыра аласыз.

Ашық күлгін, зәйтүн түстес, алқызыл аралас қоңыр түс сіздің басты түстеріңіз.

Қоңыр түсті көзге қою қоңыр түстен сүттүстес реңк ажарыңызға ажар қосады.

(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Г. Жорабекқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Косметикалық құралдарды МҰЗДАТҚЫШҚА салып тұру керек - НЕ ҮШІН?

ӘЖІМ түскен ҚОЛ ТЕРІСІН әп-сәтте ЖАСАРТАТЫН маска