Тез таусылып немесе бүлініп қалмас үшін МЫНА кеңестер қажет болады.
Әрбір әйел өзіне ұнаған косметика өнімдерін, сұлулық құралдарын пайдаланып, өзіне ұзақ уақыт бойы мінсіз қызмет еткенін қалайды.
Сонымен қатар, қолынан келгенше өзі де әрекет етеді. Алайда, МЫНА әдістер сіз жақсы көрген тырнақ бояуы, ерін бояуы, кірпікке арналған тушь секілді косметикалық бояуларды бастапқы қалпын бұзбастан жақсы сақталуына көмектеседі.
ҚАРАҢҒЫлық - иіссудың досы
«Қақпағы ашылып, қолданғаныңызға бір жылдан астам уақыт өткен иіссуды пайдаланудан аулақ болыңыз» деп дабыл қаққан еді мамандар. Бірақ, соған қарамастан, кейбір жағдайларда дұрыс сақталған болса, пайдалану уақытын да анағұрлым ұзартуға болады.
Тікелей түскен күн сәулесі иіссудың жауы. Сондықтан, иіссуды неғұрлым қараңғы жерде сақтасаңыз, пайдалану мерзімі де ұзаққа жетеді. Егер осы әдісті дұрыс қолдансаңыз, яғни, үнемі қараңғы жерде сақтайтын болсаңыз, иіссу қақпағы ашылған күннен бастап, сізге бес жыл бойы қызмет ете алады.
Кремге мұздатқыш «ұнайды»
Әрдайым қолданып жүрген креміңізді төменгі салқындықта сақтау қажет. Яғни, крем ыстық немесе жылы жерде тұрса, қолдану мерзімі қысқарып, жарамсыз болып қалады. Кремді мұздатқышқа немесе салқын бөлмеде сақтасаңыз, оның құрамындағы пайдалы заттар екі есе көбірек сақталады.
Бірақ, есте сақтайтын тағы бір нәрсе, мұздатқыштың суықтығы -10 градустан төмендемеуіне мән беріңіз.
Қаламды ұштамас бұрын...
Көз бен қасқа арналған қаламды ұштамас бұрын 10 минутқа мұздатқышқа салып алсаңыз, ұшшығарғышпен қалам ұшын шығарған кезде қалам сынып немесе ұсақталып кетпейді.
Зәйтүн майы тональды кремді «жаңартады»
Ескірген, қатып қалған тональды кремнің ыдысына бірнеше тамшы зәйтүн майын тамызып, бастапқы қалпына келтіру мүмкін. Жалпы алғанда, зәйтүн майы тек қана тональды кремді ғана емес, басқа да «ескіре бастаған» косметикалық өнімдерге «жаңа леп» беруге қауқарлы.
Лактың вазелинге қандай қатысы бар?
Егер лак ыдысының қақпағына вазелин жағып қойсаңыз, қақпағының айналасы қатып қалмайды. Сонымен қатар, лак бастапқы қалпын бұзбай, ұзақ уақыт сақталады. Бұдан бөлек, лакты тырнағыңызға жағып болғаннан кейін, қақпағын мықтап жабуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, лакты бөлменің күн сәулесі тікелей түспейтін, салқын және қараңғы бұрышында сақтаңыз.
ДАЛАП (помада) сынып қалса...
Әрбір әйелдің өзіне ұнайтын сүйікті түсі болады. Осындай сүйікті түсті ерін бояуыңыз абайсызда сынып қалды ма? Ендеше, оны дереу қоқыс жәшігіне тастауға асықпаңыз. Феннің көмегімен далаптың сынған тұсын аздап ерітіп алған соң, қайта жабыстырып қоюға болады. Бірақ, жабыстырғаннан соң, міндетті түрде 12 сағатқа мұздатқышқа салып қоюды ұмытпаңыз. Үй температурасында сақталған ерін бояуы екі жыл қызмет етуі мүмкін.
Тушь қанша айға жетеді?
Қатып қалған тушь барша қыздардың көңіл-күйін түсіреді. Бұл жағдайға бола көңіл-күйді түсірудің мүлдем қажеті жоқ. Өйткені, бұл жағдайдан шығар жол оп-оңай. Қатып қалған тушьты бірнеше минутқа ыстық суға салып алсаңыз болғаны. Оны басқа косметикалық бұйымдарға қарағанда аз уақытта қолданып тауысу керек. Қолдану мерзімі көп дегенде үш ай ғана уақытқа созылады. Өйткені, үш айдың ішінде тушь өз бойына қаншама бактерияларды топтастырып үлгереді. Мерзімі өткен тушь бояуын қолданудың нәтижесінде конъюктивит ауруын тудыру қаупі бар.
Тағы бір ескерте кететін жағдай: конюктивит ауруының алдын алу үшін тушь щеткасын ыстық сумен әр апта сайын жуып тұру есіңізден шықпасын.
Г. Жорабекқызы,
ӘЖІМ түскен ҚОЛ ТЕРІСІН әп-сәтте ЖАСАРТАТЫН маска
ӘЖІМ түспесін десеңіз, МЫНА ГҮЛДІ үйде өсіріңіз