​«ҚЫПША БЕЛ» болуға көмектеседі

0
5 001

Ол үшін мына заттар керек:


​«ҚЫПША БЕЛ» болуға көмектеседі

Бүгінде екі әйелдің біреуінің негізгі мәселесі – артық салмақтан құтылу. Денедегі артық салмақтан арылуға арналған диетаның, жаттығулардың түрі көп-ақ. Әркім ағзасының күйіне, жұмыс істеу белсенділігіне қарай диета таңдап ұстаса, көмектеспейтін түрі жоқ. Ал, арықтау процесін жылдамдату үшін, түрлі әдістерді қосымша қолдануға болады. Мысалы, асқа арналған пленканы (пищевая пленка) белге, санға орау арқылы ондағы май қабатының ыдырауына жәрдемдесе аласыз.

Ол үшін мына заттар керек:

Асқа арналған пленка, кофе, теңіз тұзы, зәйтүн майы. Теңіз тұзын дәріханалардан табуға болады.

Кофе мен теңіз тұзын араластырып, 5 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін зәйтүн майын қосып араластыру керек. Проблемалы аймаққа, мәселен, белге, қарындағы майға жағыңыз. Асқа арналған пленкамен орап, сыртынан қалың орамалды таңып қойыңыз. 40-60 минут ұстау керек. Бұл кезде ештеңе ішпейсіз, жемейсіз.

Бір сағаттан соң пленканы шешіп, масканы жуыңыз. Тұзды ванна қабылдауға да болады. Содан кейін кейін денеге арналған кез келген косметикалық сүтшені жағыңыз. Бұл әдісті аптасына 2 рет қолдануға болады.

Ал, сан немесе қарын терісінде целлюлит болса, оған алдымен скраб қолданып, сосын ас пленкасымен орап, әжімді іздерді азайтуға болады. Әрине, скрабтан целлюлит із-түссіз жоғалады деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Жыртылған терінің қалпына келуі үшін ұзақ уақыт және қазіргі заманауи аппараттар көмегі керек. Ал целлюлит көлемін кішірейту үшін, кофе скрабын қолданып көріңіз.


ЦЕЛЛЮЛИТке қарсы скраб

Бұл целлюлитке қарсы скраб – өте қарапайым, қолжетімді. Кофеин теріні керемет сергітеді, токсиндерді шығарады және целлюлит түйіршіктерін ыдыратуға септігін тигізеді. Сондай-ақ кофе скрабы қабыршықтанған теріні жұмсартып, тегістейді. Ал кофенің құрамындағы табиғи майлар теріні ылғалдандырады.

Бірдей көлемдегі ұнтақталған кофе мен даршынды (корица) араластырып, 1 шай қасық ас тұзын және жарты 1 ас қасық зәйтүн майын қосыңыз. Қалауыңызға қарай душқа арналған гель қосуға да болады. Осы араласпаны денеңізге жағып, массаж жасайсыз. Сосын ас пленкасымен орау керек. 1 сағаттан соң жылы сумен скрабты шайып тастайсыз. Бұл скрабтан кейін ешқандай крем жағудың қажеті жоқ.


КОФЕ скрабы

Мұндай сркабтың да түрі көп. Бал қосылған кофе скрабы да теріасты майдың жылдам «еруіне» ықпал ете алады. Бал қосылған скраб үшін кофе тұнбасын қолдануға болады. Кофе тұнбасына сондай мөлшерде бал қосыңыз. Немесе 1 ас қасық кофе тұнбасына шамалап ыстық су құйып, 1 ас қасық бал араластырыңыз.

Теріңіздің проблемалы жеріне 10-15 минут массаж жасай отырып, жағыңыз. Бұл скраб теріасты ұйықтап жатқан майды «оятып», оған қоса целлюлитпен күреседі.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Шегінен асырып БОЯНАТЫН әйелдерде өзіне деген сенім аз болады



ОШАҒАН майымен ҚАС-КІРПІКті өсіруге болады