​Шегінен асырып БОЯНАТЫН әйелдерде өзіне деген сенім аз болады

0
3 067

Қасыңызды қап-қара етіп бояу да әйелді «қартайтады». Егер табиғат сізге қою, қалың қасты сыйға тартпаған болса, жеңіл-желпі қою түсті теньді жағып қойсаңыз жеткілікті.


​Шегінен асырып БОЯНАТЫН әйелдерде өзіне деген сенім аз болады

Көптеген әйелдердің макияж жасағанда жіберетін бірнеше қателіктері болады. Макияж жасаудағы кейбір қателіктер әйелдің жасын біршама ұлғайтып көрсететініне аса мән бере бермейміз. Мүмкін, мұны кейбіріңіз байқамайтын да шығарсыздар. Бірақ, қандай қателіктерді жіберіп жүргеніңізді білу артықтық етпейді және бұдан былай ондай қателіктерге жол бермеуіңіз үшін міндетті түрде бұл туралы оқып шығыңыз.


1-қателік

Бетіңізге макияж жасардан алдын міндетті түрде крем жағасыз. Бірақ, кремді қаншалықты қалың етіп жақсаңыз, жасанды, құдды бір бетіңізге маска киіп алғандай көрінесіз. Сондықтан, тональды кремді қат-қабат етіп қалыңдап жаға беруден аулақ болыңыз. Бұл кемшіліктерді жасырмайды, керісінше, айқындап көрсетіп тұрады.

2-қателік

Теріңіздің түсінен алшақ түстерді таңдасаңыз, яғни, қараторы болсаңыз, ақшыл жүзді теріге арналған тональды кремді мүлдем қолданбағаныңыз дұрыс. Беттегі пигменттік дақтар, қара тесіктер, тері астынан көрініп тұратын ұсақ тамырларды макияждың астына жасыруға тырыспаңыз. Неғұрлым табиғи қалпыңыздан ауытқымасаңыз, тональды крем мен опаны да бетіңіздің тері түсіне лайықтап таңдасаңыз қателеспейсіз.

3-қателік

Опаны (пудра) қолданған кезіңізде де шектен шықпаңыз. Опа жастықшасын жеңіл ғана батырып алып, жүзіңізге де баттастырып жағудың орнына жеңіл ғана бастырып өтсеңіз, теріңізге біршама сіңіп, жарқырап көрінетін болады. Майлы жылтырдан арылып, теріңіздің тұнық көрінуіне осылайша үлес қоса аласыз. Опаны жиі пайдалану да теріңіздің құрғауына алып келеді. Егер теріңіз майлы болса ғана опаны қолданыңыз, әйтпесе, дұрыс жағылмаған опа бет-жүздегі ұсақ әжімдерді айқындап береді. Егер суретке түсетін болсаңыз, опаны «аямай» жағуыңызға рұқсат. Бірақ, күнделікті өмірде бұлай жүрмеңіз.


4-қателік

Румянаны пайдаланатын әйелдер көп емес шығар, дегенмен, бұл да әйелдің сұлулығын арттыра түседі. Әйтсе, де румянаны дұрыс қолдана білмеу, тым шектен шығу сізді сайқымазаққа ұқсатып жіберуі мүмкін.

Қып-қызыл, қоңыр, сол секілді қанық түстерді де ретімен пайдалану керек. Күндізгі макияжға румяна таңдағанда шабдалы түстес, ашық түстілерін таңдасаңыз қателеспейсіз.

5-қателік

Тым ашық және тым қою түстегі ерін далабын таңдарда да абай болыңыз. Мүмкіндігінше табиғилыққа жақын болсаңыз, соғұрлым әдемірек көрінесіз.


6-қателік

Найзадай тіп-тік, ұзын, қалың кірпіктер әрине, сұлулығыңызды айшықтай түседі. Алайда, кірпігіңізді бояйтын кезде тек қана үстіңгі кірпіктеріңізге ғана тущь жағыңыз. Астыңғы кірпіктерді бояуға кеңес бермейміз. Өйткені, боялған астыңғы кірпік көз астындағы қалташаны анық көрсетіп қана қоймай, өз жасыңызға кемінде 5 жыл қосып береді.

7-қателік

Қасыңызды қап-қара етіп бояу да әйелді «қартайтады». Егер табиғат сізге қою, қалың қасты сыйға тартпаған болса, жеңіл-желпі қою түсті теньді жағып қойсаңыз жеткілікті.

Макияжды дұрыс жасау әйелдің сұлулығын арттырады. Шамадан тыс тым көп бояу жағатындарда өзіне деген сенімділігі аздау. Тек қана көздерін бояйтындар салмақты, мейірбан, жауапкершілігі мол және ақылды болып келеді екен. Егер ерін бояуына басымдық берсе, мұндай әйелдер сөзге шешен, басқалардың назарында болғысы келетін, көпшілік ортаны аңсайтын әйелдер.

Бірақ, әйел болған соң, мүлде боянбай жүруге де болмайды. Мамандар мүлдем бояу қолданбайтын әйелдер нәзіктігінен қол үзіп қалатынын айтады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

ОШАҒАН майымен ҚАС-КІРПІКті өсіруге болады

ШАШ БОЯУы ҰЗАҚ уақыт сақталуы үшін