МОЙЫН әйелдің жасын "САТЫП" қояды

0
2 918

​Сондықтан, мойынға ерекше күтім керек.


МОЙЫН әйелдің жасын

фото: traveltimes.ru

Мойынның терісі өте нәзік, бет пен қолдың терісіне қарағанда тез қартаяды. Ал мұны ескеретін, тұрақты түрде күтім жасайтын арулар аз. Әйелдің жасы отызға келді ме, демек мойын күтімі ең алғашқы орында болуы тиіс. Өйткені, бетіңіздегі макияжыңыз әдемі, үстіңіздегі киіміңіз аса қымбат болса да мойныңыз күтім көрмеген болса, сұлулықтың сынын бұзады.

Сондықтан, мойын күтіміне арналған қарапайым ережелерді сақтаңыз. Күніне бірнеше минутыңызды ғана арнасаңыз сіз жастық қалпыңызды ұзақ сақтай аласыз.


Таңертеңгі күтім

Таңертең, ұйқыдан оянғанда тек беті-қолыңызды ғана емес, мойныңызды да жууды әдетке айналдырыңыз және суық сумен жуғаныңыз дұрыс.

Лажы болса, күнде таңертең салқын душ қабылдаңыз. Душ қабылдап болғаннан соң мойынды арнайы тоникпеннемесе қияр шырынымен сүртіңіз. Соңынан аз ғана мөлшерде теріге жеңіл сіңетін крем жағыңыз. Жаздың күні ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын эффектісі бар кремдер ыңғайлы.


Кешке не істеу керек?

Кешке макияжыңызды сүртіп тастаған кезде мойын туралы да ұмытпаңыз. Күні бойы жиналған шаң мен кірді, макияжды кетіру үшін сүтке (молочко) батырылған мақта дискімен сүртіңіз. Немесе теріні тоникпен тазалаңыз және нәрлендіретін кремді жағыңыз. Тері тазартқыштары мен тониктер бет пен мойынға күтім жасау үшін ыңғайлы. Бірақ, дене күтіміне арналған өнімдер мойынға жарамсыз.

Мойын және деколтье аймағы үшін арнайы әзірленген косметикалық кремдердің бұл аймаққа нақты айтарлықтай әсері бар.


Контраст күтім

Үйде мойынға күтім жасаудың маңызды кезеңі контрасстық күтім. Бұл мінсіз мойын терісін қалыптастырады және ылғалдандырады. Оны қалай жасаймыз?

Екі контейнерді арнайы дайындаңыз. Біреуі суық сумен (мұзды қосыңыз), екіншісі ыстық сумен. Теңіз тұзын қоссаңыз да болады, нәтижесі жоғарылайды (1 стақан суға 1 шай қасық көлемінде). 2 дана дәке (бинт) немесе таза мақта-мата шүберекті алып, біреуін суық суға, бірі ыстық суға батырып, сығып алып мойынға ақырын басыңыз, толықтай мойныңызды орап қойсаңыз да болады. Ысқыламай, жұмсақ қимылмен жасаңыз.

1 минут ыстық су, 1 минут суық сумен контрасстық күтімге ден қойыңыз. Осылай 5-10 минут көлемінде күтімді жасаңыз.

Ескеретін жайт бұл процедураны таңертеңгі уақытта жасауға болмайды. Таңертең тек әртүрлі шөптерден (түймедақ, жалбыз, календула т.б.) жасалған мұз кесектерімен мойныңызды жеңіл сүртсеңіз болғаны. Әсіресе жаз мезгілінде осылай жасау мойын терісін қуаттандырады, сергітеді, қабынуға қарсы және серпімділік артып, тері нығызданады.

фото:medaboutme.ru


Күтімге қандай крем таңдау керек?

Мойын күтіміне арнайы крем сатып алудың қажеті жоқ, күнделікті бет күтімі үшін құрамында коллагендері бар крем алуға тырысыңыз. Сіздің теріңіз ылғалдануын жоғалтқан кезде және коллаген мөлшері жас ұлғайған сайын азаюы себепті мойында қатпарлар көбейеді. Ал кремнің құрамында коллаген болса, мойынның қабынған тұстарын, пигментацияны және мойын сызықтарын «тартады».


Мойынға арналған маскалар және пилинг

Апта сайын мойынға арналған маскалар жасаңыз және күнделікті тазарту жұмыстарын жасаңыз. Теріні тоникпен өңдегеннен кейін, скрабты және масканы пайдаланыңыз. Масканы жуғаннан соң, терінің қалыпты рН деңгейін қалпына келтіру үшін мойынды тоникпен сүртіңіз. Соңынан міндетті түрде крем жағыңыз. Тері қартаймау үшін осы процедураларды орындап, мойын ортасынан оның бүйір бетіне қарай бағыттаңыз. Декольте аумағы да бірдей қамқорлықты қажет етеді.

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жағымсыз 10 ӘДЕТ әйелді ТЕЗ ҚАРТАЙТАДЫ


АЖАРыңыз ТОЗБАСЫН десеңіз!