"КӘРІ" көрінбеу үшін бұл әдеттерден арылыңыз!
фото: zefirka.net
Егер сіздің бойыңызда осындай жағымсыз әдет бар болса, мүмкіндігінше одан арылуға тырысыңыз. Өйткені, өз жасыңыздан «КӘРІ» көріну ешкімге де ұнамайтыны анық қой.
Негізінен қартаюдың алғашқы белгілері 25 жастан бастап пайда бола бастайды. Бет әлпеті біртіндеп «салбырай» бастайды, алғашқы ұсақ әжімдер көрініс береді, көз астындағы ісіну мазалайды, тері құрғап, серпімділік азаяды. Осы белгілер байқала бастаса, демек қартаю процесі іске қосылды деген сөз. Дегенмен, көңіл-күйіңіз бірден түсіп кетпесін, осы процессті тежеу де, жылдамдату да өз қолыңызда.
Адам мұны бірден байқай қоймайды, сондықтан күнделікті іс-әрекеттерімізге сақ болып, қартаюды жылдамдататын әдеттерден аулақ болғанымыз жөн.
Шұғыл түрде қандай әдеттерден бас тарту керек?
Егер сіздің теріңіз майлы, аралас, тығыз теріге жататын болса, сізді бақыттысыз деп айта аламыз. Мұндай тері иелері құрғақ және сезімтал теріге қарағанда қартаю процесі баяу жүреді. Мұның барлығы да эластин талшықтарының көптігіне байланысты. Бұл генетика, ата-бабалардың сыйы деуге де болады. Сонымен қатар, сыртқы келбетке басқа да факторлар қатты әсер етеді.
Мысалы, адамның өмір сүру салты,стресстің көптігі, иммунитет, созылмалы аурулар, тамақтану үрдісі, экологиялық жағдай, жұмыс шарттары (физикалық ауыр жұмыстар), климат (әсіресе ыстық климат).
Алайда адам өз-өзіне көмектесе алады. Бірақ өзіңізге зиян келтіру оңай. Сондықтан, терінің қартаюын байқаусызда жақындататын бірнеше әдеттерді жадыңызда сақтаңыз және оларды жасамаңыз!
Көзді ысқылау және бетіңізді жиі қолмен ұстау
Бұл ең жағымсыз әдеттердің бірі және жиі қайталанған сайын терінің мерзімінен бұрын қартаюына жол ашады. Бұл әсіресе көз айналасындағы сезімтал аймаққа қатысты. Осылайша сіз теріні мерзімінен бұрын созып, әжімдер мен ісінулердің пайда болуына себеп боласыз.
Иекті «тіреп» ұстап тұру немесе жағыңызды таяну да қазақтың ырым-тыйымы ғана емес, бұл жаман әдет «қыртыстардың» табиғи пайда болуына әкеледі. Қол денедегі ең лас бөлік екенін ескеріңіз, қолмен бүкіл затты ұстап шығатыныңызды ойласаңыз, оны бетке жанастырып, қолдағы бүкіл бактериялар мен кірді жағудың қажеті жоқ. Егер терінің аздаған жарақаты болған жағдайда бұл одан да қауіпті, инфекцияның ағзаға енуіне мүмкіндік бересіз.
фото: medikforum.ru
Жастыққа бетпен ұйықтау
Бұл әдет көпшілігіңізде бар шығар. Өйткені, адам ұйқы кезінде өзін өзі бақылай алмайды ғой. Бет терісінің жас қалпын ұзақ уақыт сақтау үшін шалқадан жату ыңғайлы. Ұзақ уақыт бойы етпетіңізден жататын болсаңыз, бұл жеткілікті мөлшерде қанайналымын нашарлата түседі. Сондықтан, әжімдер ерте түседі.
Әрине, денені бейсаналық күйде бақылау мүмкін емес. Бірақ өзіңізді кем дегенде дұрыс қалыпта ұйықтауға үйретуге тырысыңыз. Ең бастысы, түнгі тынығу режимі мен ұзақтығы. Кем дегенде 6 сағаттық ұйқы болуы тиіс. Ұйқы кезінде денеде көптеген терең қалпына келтіру процестері жүреді. Тиісті демалыссыз жүрек-тамыр, ас қорыту, тыныс алу және жүйке жүйелері қалыпты жұмыс істей алмайды.
Сонымен қатар, төсек-жаймаңыздың тысын әр бес күн сайын, ары кетсе аптасына бір рет ауыстырып отырыңыз. Себебі, жастықтарды, көрпе жамылғыларын пайдалану мерзімі ұзартылған сайын, олар өлі тері жасушаларымен, шаңмен және т.б. ластанады. Мұның бәрі аллергияға немесе безеуге бейім сезімтал терінің иелері үшін өте қауіпті. Төсек жаймаңыздағы бактериялардан зарарсыздандыру үшін үтіктеңіз.
МАСКАны дұрыс таңдай алмау
Бұл ереже тығыз, айталық, тез қататын «ауыр» маскаларға (мысалы, алгинат, гипс немесе саз бар) қолданылады. Мұндай композициялар мен материалдар көбінесе теріні механикалық түрде тартады, бұл өз кезегінде терінің салбырауына және әжімдерге әкеледі.
Бірақ бұл ереже крем мен гель маскаларына қолданылмайды. Әрине, егер сіз бет бұлшық еттерін босаңсытып, процедура кезінде аздап демалсаңыз жақсырақ болады.
Тәттіні жиі тұтыну және жылдам даярланатын тамақты жиі қолдану
«Гликация процесі» туралы естідіңіз бе? Бұл адам ағзасының әр жасушасындағы қант молекулаларының өнуін білдіреді. Тәтті мен жартылай дайын өнімдерді жиі тұтыну нәтижесінде-терінің және оның түсінің нашарлауы пайда болады. Бұл өнімдерде көмірсу көп. Көмірсулардың шамадан тыс мөлшері метаболизм процестерін бұзады. Зиянды тамақ аллергия мен бөртпелерді тудырады. Бұл дәлелденген факт.
Алайда тәтті жесеңіз, серотонин гормоны бөлінеді, яғни көңіл-күйді көтеретін гормон. Оң эмоциялар да жасартатын әсерге ие. Дегенмен, барлығы қалыпты болуы керек. Тәттілерді жақсы көрсеңіз, «текшелі» шоколадтың бір бөлігін жеп қойыңыз. Ең бастысы-әдетті қалыптастыру.
Гаджеттерге тым көп уақыт арнау
Бүгінгі күннің талабы болса да, бір мезет бұдан алысырақ болған да жөн. Себебі, әр түрлі мониторлар адамға зиянды сәулесін беріп қана қоймайды, сонымен қатар бізді дененің ыңғайсыз жағдайын қабылдауға мәжбүр етеді.
Бастың тұрақсыз қозғалысы, мойын-жаға аймағындағы кернеу, қолдың ыңғайсыз жағдайы- мұның бәрі терінің тонусына қорқынышты әсер етеді. Қанмен қамтамасыз етудің қиындығына байланысты ол жеткілікті оттегі мен қажетті қоректік заттарды ала алмайды. Сондықтан, екінші иек, артық әжімдер, сонымен бірге бас айналу, бас ауруы және арқа проблемалары да қосымша жүк болады.
фото: lashprofeshional.ru
Күнделікті, «ҚАЛЫҢ» макияж
Ең бірінші ереже-тері міндетті түрде демалуы керек! Бүгінде әйелдер косметикаға нақты тәуелді. Тіпті жасөспірімдердің өзі бояусыз көшеге шықпайды.
* Тоналды негізді күн сайын бет терісіне, әсіресе 12 сағатқа жағуға болмайды!
* Макияжды алдын ала теріні тазаламай және қорғамай жағуға болмайды.
* Макияжды жуып тастамай және бетіңізді тазаламай ұйықтауға болмайды.
Егер сіз осы «мүмкін емес» деген үш ережені сақтамасаңыз, тері ластанады, тыныс алуды тоқтатады.
Тональды негіздер және қосымша косметика бактериялардың көбеюі үшін керемет орта болып табылады. Сондықтан, егер сіз косметика туралы ұмыта алмасаңыз, кем дегенде үйде артық мөлшерін жуып, демалыс күндері адамға лайықты теріге «демалыс» беріңіз!
Ашық күн астында ұзақ жүру
Күн сәулесінің көп зиянды екенін бәрі біледі. Ультракүлгін белсенді қартаюға ықпал етеді. Күн астында жүруді ұнатсаңыз, ультракүлгін сәулесінен қорғануды да ұмытпаңыз. Ол үшін SPF сүзгілері бар кремді қыста да, жазда да қолданғаныңыз жөн. Әсіресе бұл ереже 25 жастан асқан қыз-келіншектерге қатысты.
Күтім құралдарын дұрыс таңдамау
Тері типін өз бетінше анықтай алу қыз-келіншектердің тарапынан өте сирек. Безеу пайда болса, «менің терім майлы шығар» деп ойлайды көпшілігі. Сөйтіп, проблемалы теріге арналған агрессивті құралдарды іздей бастайды. Қолдану нәтижесінде қатты кептіру, май бездерінің бұзылуы, гиперсекреция, қорғаныс тосқауылының бұзылуы, иммунитеттің төмендеуі және тері майлы болады! Тағы бір жиі кездесетін қателік - ылғалдандырғышты суық, желді ауа-райында қолдану, оның құрамындағы су кристалданып, теріні зақымдайды.
Скрабты тым жиі қолдану
Теріні терең тазарту үшін скраб қажет. Бірақ күн сайын оны қолдану теріні азаптаумен бірдей. Скрабты аптасына бір реттен артық қолданбаңыз. Айтпақшы, ол жұмсақ болғаны жөн. Құрамында ірі бөлшектері бар скрабтардан бас тартыңыз.
Бетіңізді жуып болған соң, ысқылап сүртудің қажет жоқ. Сүлгіні бетіңізге ақырын бернеше рет басыңыз, сол жеткілікті. Артық су тез кебеді. Бет үшін бөлек сүлгі алу керек. Оны мүмкіндігінше жиі, кем дегенде 2-3 күнде бір рет өзгерту керек.
Аталған әдеттерден бас тартсаңыз айтарлықтай терінің жақсарғанын байқайсыз!
Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,
Тағы да оқыңыз:
Шымкенттік СКУЛЬПТОР МАМАН: Әжімді кетіріп, омыртқаны түзейміз. Балалардың аяғын түзу басуына көмектесеміз