​АЖАРыңыз ТОЗБАСЫН десеңіз!

0
2 990

Адам өмір бойы тері күтіміне мән беруі керек


​АЖАРыңыз ТОЗБАСЫН десеңіз!

фото: pngegg.com

Адамның терісінде туылғаннан бастап түрлі процесстер жүреді. Туылғанда өте нәзік, балғын тері болса, 13-15 жастағы өтпелі кезеңде жасөспірімдердің терісі ағзадағы гармондық өзгеріске байланысты өзгереді. Бұл жаста безеу мен бөртпенің шығатыны содан. 25 жастан бастап теріде қартаюдың алғашқы белгілері білінеді. Көз айналасына ұсақ әжімдер пайда болады. 35-45-55 жаста терінің қартаюы басталады. Беттегі нұр азайып, әжім түседі. Терінің қартайып, өң-түсін жоғалтуы немесе жоғалтпай жас көрінуі генге байланысты. Кейбір адамдардың қолы мен беті, мойынының терісі кәрі қойдың шап терісі немесе тауықтың аяқ терісі сияқты болып кетеді. Ол терінің күнге, желге, суыққа төзімсіз болғандығынан. Біз үстімізге киім киеміз ғой. Ал бет пен мойынның, қолдың қорғаныс киімі – иісмай. Иісмайды дұрыс таңдай білу керек. Жазда күннен қорғайтын, қыста суықтан қорғайтын иісмай жағып жүру қажет. Косметологтар адамның бет терісін беске бөлеміз. Адамның терісі жас ерекшелігіне байланысты өзгереді. Ол да күтім көруіне немесе көрмеуіне байланысты.

* ешбір проблемасы жоқ, жұмыртқадай таза тері;

* майлы тері;

* құрғақ тері;

* проблемалы тері;

* сезімтал тері

Проблемалы теріде ең бірінші безеу болады. Проблемалы теріні сипасаң, терінің астында ұсақ-ұсақ бүртіктер тұрады. Ол қан айналымының бұзылуынан, ағзаға қажетті дәрумендердің жетіспеуінен. Сол ұсақ бүртіктер терідегі ұсақ тесіктерді бітеп тастайды. Мұндайда теріні дәрігер косметологтарға көрсетіп, тазартуға тырысу керек. Бетіңізге күтім жасау үшін міндетті түрде аса қымбат тұратын иісмай (крем) жағу шарт емес. Иісмай неден жасалды, құрамында химиялық қоспа жоқ па, бұл сіздің теріңізге сәйкес келе ме, жоқ па осыны білген абзал. Ал тері типіңізді анықтап алған соң, соған орай күтім жасауды қолға алыңыз. Өйткені, кез келген ару мәңгі жас, сұлу болғысы келеді. Алайда уақыт бізге бағынышты емес. Сонда да, белгілі бір әдістер арқылы ажарымыздың жас қалпын ұзағырақ сақтауға болады. Қазір жаз мезгілі болғандықтан, аталған жеміс-жидектерді табу оңай.


Қырмызы маскасы
1 ас қасық сәби сеппесін қырмызы тұнбасымен қоюланғанша араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң дымқыл майлықпен сүртіп тастаңыз.

фото: lifekhacker.com

Бүлдірген немесе құлпынай маскасы
3-5 жидекті алып, ақырындап бетіңізге езіңіз. 5-10 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Шай маскасы
3 ас қасық көк шайды ұнтақтап, 2 шай қасық крахмал, 2 ас қасық айран мен жарты шай қасық зәйтүн майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен бетіңізді тазалап, жуыңыз.
Көк шай қан тамырлары қабырғаларын қатайтса, зәйтүн майы бетіңізді жұмсартып, крахмал терідегі ұсақ тесіктерді тазартады.

Алоэ мен лимон маскасы
Жұмыртқаның ағын салқындатып алыңыз. Алоэ шырынының 1 ас қасығын жұмыртқаның ағы және лимон шырынымен араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағыңыз. Құрғаған соң тағы бір қабат жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Жылы суға малынған мақтамен масканы сүртіп тастаңыз. Бетіңізді салқындау сумен жуыңыз.
Бұл маска бетіңізді ағартып, әжімдерді жазып, бетіңізді тегістейді.

фото: wlooks.ru

Бал маскасы
Алоэның үлкендеу жапырағын ұнтақтаңыз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 ас қасық сүт қосып, араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Картоп езбесінен жасалатын маска
2 ас қасық картоп езбесін жылытып, бетіңізге жағыңыз. Құрамында май болмауы керек екенін ескеріңіз. 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Қыша маскасы
1 шай қасық құрғақ қышаны 2 шай қасық өсімдік майымен араластырыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 5-6 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Сұлы қауызының маскасы
2 ас қасық сұлы қауызын жылы сүтке салып, жарты шай қасық балмен араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз.

Аталған масканы жасап болған соң, бетіңізді ақжелкен қайнатпасымен шайып алыңыз. Сондай-ақ бұл қайнатпаны мұз қатырғыштарға құйып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Күнде таңертең бетіңізді мұзбен сүртіп, сергітіп алыңыз.

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Шымкенттік СКУЛЬПТОР МАМАН: Әжімді кетіріп, омыртқаны түзейміз. Балалардың аяғын түзу басуына көмектесеміз


ДӨҢГЕЛЕК жүзділерге МЫНА ҚҰПИЯЛАРды білген жөн