​Мойындағы «ВЕНЕРА сақинасын» кетіруге БОЛАДЫ

0
6 675

Терең сызықтарды да кетіруге болатын ӘДІС табылды


​Мойындағы «ВЕНЕРА сақинасын» кетіруге БОЛАДЫ

Шынында да әйелдің жасын ең алдымен «сатып қоятын» қол мен мойын терісі.

Мойындағы көлденең, дөңгеленген сызық бір қарағанда ештеңені аңғартпауы мүмкін. Бірақ әйелдің жасы ұлғайған сайын қатпарлар айқындалып, әжімдер тереңдей түскенде оны ештеңемен де жасыра алмайсыз.

Бетіңіздің кемшіліктерін әртүрлі косметикалық құралдармен, тональды кремдермен, макияжбен жасыруға болатын шығар, алайда, мойын тұсының осы бір шеңбер тәрізді терең сызығын тек қана киімнің астында ғана жасыруға болатын шығар.

Алдымен біз «венера сақинасының» қайдан, қалай пайда болғанын анықтауымыз керек. Олардың пайда болуы мойын аймағындағы бұлшықет тінінің құрылымымен байланысты.

Бұлшықет тіндері бірнеше себептерге байланысты тонусын жоғалтады.


Қалыптың бұзылуы

Күні бойы компьютерден бас алмай жұмыс істеу де қалыптың бұзылуына себеп бола алады. Өйткені бастың үнемі алға еңкейіп, соның әсерінен мойынның иілуі мойын қатпарларын жинай бастайды.

Мойын өзінің позициясын жоғалтқан кезде, яғни мойын тік тұрмай, көбінесе кеудемен бұрыш жасап, иіліп тұрған кезде бірте-бірте бастың орналасуы өзгереді. Сәл алға жылжығандай болып көрінеді. Бұл да мойында «сақинаның» пайда болуына көмектеседі.


Артық салмақ

Толықтық омыртқаны да бүгеді: іштің салмағы бойынша дене сәл алға қарай, ал мойын онымен бірге. Нәтижесінде тағы да қатпарлар.


Жастың ұлғаюы

Жылдар өте келе бұлшықеттер серпімділігінен айырыла бастайтыны бәріне түсінікті. Қанша жасқа келсеңіз де, омыртқаңызды тіп-тік ұстайтын болсаңыз да жас ұлғая келе бұлшықеттер серпімділігін жоғалтқандықтан, аздап салбырай бастайды. Дегенмен, мойымаңыз, мойынға түскен жағымсыз әжімдерді тіптен жойып жібере алмасаңыз да, азайтуға болады.

Ол үшін:

* дене қалпын қалыптастыруға арналған гимнастика;

* мойын бұлшықеттеріне арналған жаттығулар;

* массаж;

* мойынға арналған компресс;

Сонымен қатар, мойын терісіне күтім жасау үшін дененің басқа бөліктері секілді теріге маска, кремдерді қолдану керек.


Мойын бұлшықетіне арналған массаж

* Мойын терісін қысу. Яғни, массаж арқылы мойын терісінің қан айналымын жақсарту. Бұл массаж әдісі керемет босаңсытады, бұлшықет кернеуін, бас ауруын жеңілдетеді.

Дегенмен массаждың дұрыс жасалуына мән беріңіз.

* Саусақтарыңызбен дөңгелек жасай отырып нәзік ысқылау. Бұл массаж техникасының міндеті қан айналымын белсендіру, жасушалар мен тіндерге оттегінің жеткіліктілігін арттыру.


Мойынға арналған маска

Мойын терісіне де бет пен қол секілді күтім қажет. Әжімге қарсы кремдер, маскалар жасап тұру керек, терінің серпімділігін арттырып, терінің қартаюын баяулататын әдістерді қолдану керек.

Маска массаж, жаттығу және дайын косметика сияқты тиімді емес, бірақ дәл осы «венера сақинасымен» тиімді күресе алады.


Нәрлендіретін жұмыртқа-бал маскасы

1 ас қасық балға 2 дана жұмыртқаның сарыуызын араластырыңыз. Оның үстіне 1 ас қасық зәйтүн майы мен 2 немесе 3 ас қасық қара бидай ұнын қосып, қоймалжыңға айналғанша қозғаңыз. Дайын болған масканы 2-3 қабатталған дәкеге біркелкі етіп жағып, мойынға ораңыз. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.


Ашытқы тоник маскасы

Бұл масканы теріңіз майлы болса ғана қолданғаныңыз жөн. 10 грамм ашытқыны 2 ас қасық жылы сүтке араластырыңыз. Одан кейін 1 жұмыртқа мен 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз. Енді осы қоспаны қоймалжың, біркелкі массаға айналдыру үшін 1-2 шай қасық ұн қосыңыз. Масканы мойынға жұқа етіп жағыңыз. Шамамен 20-30 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.


Сәбіз маскасы

Сәбіз-А дәруменінің қайнар көзі. Сондықтан, сәбізді үккіштен өткізіп, жақсырақ әсер беруі үшін оның үсітен 1 ас қасық зәйтүн немесе кокос майын қосыңыз. Егер бұлар табылмаса, өсімдік майын қоссаңыз да болады. Осы массаны тазартылған мойынға (дәкенің көмегімен) мұқият орап, 15-20 минутқа қалдырыңыз.

Сәбіз маскасы тек мойынның терісін ылғалдандырып қана қоймайды, сонымен қатар өлі жасушалардан арылтып, терінің мерзімінен бұрын қартаюының алдын алады.


Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


В6 ДӘРУМЕНінің ШАШқа керемет әсері


БЕТ терісіне ГЛИЦЕРИН жағуға бола ма?