​ШУГАРИНГ: Үйде АУЫРТПАЙ жасауға болады

0
12 492

Ол үшін су, лимон сөлі мен қант қана қажет.


​ШУГАРИНГ: Үйде АУЫРТПАЙ жасауға болады

Шугарингті сұлулық салондарында ғана емес, үй жағдайында да жасауға болады. Бұл сізге қолайлы уақытта және қаражат жағынан тиімдірек болады.

Өйткені мұны жасау айтарлықтай қиын емес және кез-келген адамға жасауға болады. Яғни, ГИПОАЛЛЕРГЕНДІК. Тері қандай жағдайда болса да, тіпті ең сезімтал, тірікенгіш терінің өзіне жасауға болады. Қант диабеті бар, варикоз ауруларымен бетпе-бет келген адамдарға да шугаринг жасаудың ешқандай кері әсері жоқ.


Шугаринг жасағанда қосымша ПИЛИНГ жасаған боласыз. Теріңіз жұмсарады.Түктеріңіздің өсуі баяулап, жұмсарады және түссізденеді. Біз алдымен үй жағдайында шугаринг пастасын дайындап алайық.


ҚАЖЕТті ЗАТтар:

Лимон сөлі, қант және су қажет. Бұл біршама уақытқа жетеді. Қалғанын бөлме температурасында сақтауыңызға болады. Егер бір реттік депиляция жасаймын десеңіз, 1 стақан қант, 2 ас қасық лимон сөлі, 2 ас қасық су қажет.


фото: temperaturka.com

ЖАСАЛУЫ:

Ең алдымен 1 кг қантты ыдысқа салып, үстінен 8 ас қасық су құйыңыз. Содан кейін 7 ас қасық лимон сөлін құясыз. Орташа отта қыздырамыз. Мұқият араластырып отыру керек. Сөлі шығып, сұйыла бастағанда (қайнауға жақындағанда) ыдыстың қақпағын жауып, отты бәсеңдетіңіз. 10 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен кейін ыдыстың қақпағын ашып, тағы бір рет қозғаңыз. Ыдыстың жан-жағына жағылған сұйықтықты тағы бір араластырып, тағы 10 минут қайнатыңыз. Көпіршіктер ыдыстың сыртына шығып тасымауын қадағалаңыз. Қоюланып, қоңырқай түске ене бастағанда отты өшіріңіз.

Кішкене бөлігін (ас қасық) тәрелкеге алып, суығанын күтіңіз және саусағыңызды батырып көріңіз. Егер қоспа бал секілді созылыңқы әрі тығыз болса, бұл қоспа қолдануға дайын деген сөз.

Шугаринг пастасы дайын. Ендігі кезекте сіз денеңіздің қай бөлігіне шугаринг жасасаңыз да кез-келген лосьонмен немесе ылғалды майлықпен тазартып алыңыз. Олар болмаса тазартып жуыңыз, еш алаңдамаңыз. Денеңіздің түкті бөлігін осылай тазартып, сосын құрғатып алған соң, іске кірісе беруіңізге болады.

Алдымен балалар сеппесін (прысыпка) сеуіп алыңыз. Немесе кез келген теріні құрғатушы тальк та жарайды. Бұл теріңіздің бүлінбеуіне қажет.

Одан кейін шугаринг пастасының бір бөлігін (жаңғақтың көлеміндей) алып түкті аймаққа өте жұқа етіп жағыңыз. Тығыз болғандықтан жағылуы қиындау, бірақ барынша жұқалау етіп жағуға тырысыңыз. Сонда пастаға түктер жақсы жабысады. Тез әрекет етіп, пастаны «жұлып» алыңыз. Түктеріңіз бірге алынады. Теріге зиян келтірмеуді қадағалаңыз. Пастаны теріге тым қатты батырып жақпаңыз, түктің өсу бағытына қарсы пастаны тартамыз.

Осылайша түктерден арылған соң, теріні саусақтарыңызбен ұстап көріңіз, тері әлі де жабысқақ болса, онда дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Процедура аяқталғаннан кейін теріңіздің жұмсақ болғанын, хош иісті болуын қаласаңыз, эфир майларының бірін қолдануыңыз да өз еркіңізде. Кей кездерде терідегі реакцияны байқауыңыз мүмкін.


Қызыл нүктелер немесе бөртпелерді көрсеңіз алаңдамаңыз. Мұндай реакция бірнеше сағаттан кейін өздігінен жоғалады, қосымша әрекет жасаудың, қызыл бөртпелерді жоямын деп талпынудың қажеті жоқ.


Одан кейін түктерден тазарған тері тесігіне бактериялардың ену ықтималдылығы жоғарылағандықтан, қауіпсіздік үшін крем қолданыңыз.

Крем тітіркенуді жеңілдетеді, бактериялардың фолликулалардың аузына енуіне жол бермейтін ауа өткізбейтін пленка жасайды, сонымен қатар ол үшін стрестік процедурадан кейін теріні тыныштандыруға көмектеседі.


фото: 101hairtips.com

АУЫРМАЙДЫ

Себебі, шугаринг пастасы арқылы түктерді жойғанда ауырсынудың аз болуы қанттың құрамындағы глюкозаның әсері. Глюкоза тері астына енген соң, түктер жұлынғанда терідегі ауырсыну қатты болмайды.


МАҢЫЗДЫ!

Шугарингтен кейін бірнеше сағат бойы тән жақындастығына және спортқа тыйым салынады, ваннаға немесе моншаға түсуге болмайды. Әйтпесе теріде күтпеген реакция пайда болуы мүмкін.

Паста денеге зиян келтірмеуі үшін оны 30 минутқа қалдырып, 50 см2 аумаққа жағу керек. Қауіпсіз болса да абай болыңыз, ережелерді мұқият орындаңыз, сонда барлығы жақсы болады. Теріңіз балғын, әдемі болады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


BB, CC, DD, АА КРЕМДЕРІ - кімге қандай түрін жағу керек?


ӨНДІРІЛГЕН БИДАЙ шырыны теріні АҒАРТАДЫ