Тері күтімі: Қартаюға қарсы сусындар

0
1 649


Тері күтімі: Қартаюға қарсы сусындар

Терінің қартаюы - ешнәрсе тежей алмайтын, табиғи құбылыстардың бірі. Бірақ кейде қыздардың өзі терінің тезірек қартаюына әсер етіп жататыны рас. Бүгін косметолог мамандар теріні қартайтатын күн сайынғы әдеттерді атап, одан қалай арылуға болатынын айтады.


Терінің ерте қартаюының ең бірінші себебі: Күйзеліс. Әрине, қазіргі таңда жүйкені жұқартатын жайттар өте көп, бірақ сабырлы болуға тырысыңыз. Дәрігерлер Магний В6 дәруменін қабылдауды, жеміс пен көкөністерді жиі тұтынуды, сонымен қатар йогамен айналысуға кеңес береді.

Майлы тамақ-терінің жас болуына жауап беретін ақуыздың бұзылуына алып келеді. Тым майлы тамақтан бас тартуға тырысыңыз.

Күн-терінің ең қауіпті жауларының бірі. Үнемі күнге қарсы майлыжақпаларды жағып жүріңіз. Күннің астында жүріп келгеннен кейін міндетті түрде нәрлендіретін маскалар жасаңыз.


Ұйқының қалыпсыздығы. Егер сен 7 сағаттан кем ұйықтасаң жас тері туралы ұмыта берсең болады. Терінің қалыпқа келетін уақыты ұйқының кезі екен. Өзің түнгі cағат 23:00 -де ұйықтауға дағдылан.


Бірақ «Кей сусындар қартаюды тежейді» дейді АҚШ-тың ғалымдары. Олар өз зерттеуіне сүйене отырып, сусындардың тізімін де жариялаған. Олардың құрамындағы табиғи заттар сіздің ішкі ағзаларыңызға ғана емес, теріңізді де нәрлендіреді. Тізімде алғашқы болып тұрған 5 сусынды ұсынамыз! Алдағы уақытта осы жемістерден дайындалған шырынды көбірек ішуге тырысыңыз!

5. Алма шырыны. Түссіз және қантсыз болатын алманың шырыны бауыр мен бүйрек ауруларына ем. Ас қорыту жүйесінің жұмысын реттеп, ішті тазалауға көмектеседі. Физикалық шаршаған уақытта ішсеңіз, күшіңізді қалыпқа келтіріп сергітеді.

4. Шие шырыны. Бұл сусын көзіңіз бен тісіңіздің жастығын сақтап, қандағы гемоглобин мөлшерін реттейді. Қатерлі ісіктің де алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін жақсартады.

3. Қаражидек шырыны. Қант диабетімен күресуге көмектеседі және қызыл иекке де жақсы пайдасы бар. Қаражидектен дайындалған сусын азқазанның қызметін дұрыстап, көру қабілетін арттырады, сонымен қатар әжемге қарсы тамаша күш.

2. Жүзім шырыны. Мұнда В тобындағы дәрумендер өте көп, ол терінің жас сақталуына септігін тигізеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларына жақсы ем болып қана қоймай, шаш пен тырнақтың мықты болуына да пайдасы зор. Әсіресе әйел адамдарда болатын ауруға таптырмайтын дауа.

1. Бірінші орында Анар шырыны екен. Оның құрамында қартаюға тежеу болатын көптеген элементтер бар. Кальций, фосфор, магний, темір және калийді бойына жиған жемістің жүрек пен қан тамырларда болатын аураларға ем болатын күші бар. Сондай-ақ терінің, шаш пен тырнақтың саулығына және жүйке жүйесінің қалыптылығына пайдасы мол.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет